08 Қыркүйек, 2010

Жаңа көпір пайдалануға берілді

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шыңғырлау ауданындағы Ащы өзенінде жаңа көпір пайдалануға берілді. Аудан орталығынан шалғай орналасқан Белогор, Полтава ауылдық  округтері­нің тұрғындары көктем айларында Ащы өзенінің тасуы кезінде жол қа­тынасы тұрғысында  көптеген қиын­дықтарға кездесетін. Сондықтан да  бұл мәселе бірнеше жылдардан бері күн тәртібінен түспей келе жатқан еді. Өткен жылы осы жерде көпір құры­лысы қолға алынып, бұл мақсатқа об­лыс бюджетінен 195 млн. теңге қаржы бөлінген болатын. Конституцияның 15 жылдығымен тұспа-тұс келген көпірдің ашылу сал­та­натында облыс әкімінің орын­ба­са­ры Ербол Салықов, аудан әкімі Ай­бо­лат Сейтақов, облыстық жолау­шы­лар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Қарасаев және құ­ры­лысты жүргізуші “ОрионСтрой сер­вис” мекемесі дирек­торының орынбасары Сәлімжан Кубаев жер­гі­лікті тұрғындарға жақсылық тілеп, жаңа нысанның пайдалануға бері­луі­мен  құттықтады. Аталмыш нысан – об­лыс бойынша салынып отырған 62-ші көпір. Оның ұзындығы – 63 метр. Полтава ауылының ақсақалы Ес­мағзом Шамғұлов Елбасы тапсырма­сы­на сәйкес өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.