10 Қыркүйек, 2010

Ұялы байланыс тарифі төмендейді

616 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сәрсенбі күні Байланыс және ақпарат министрлігінде министр Асқар Жұмағалиевтің төрағалық етуімен байланыс операторлары кеңесінің кезекті жиыны өтті. Отырыста ұялы байланыс операторлары қызметтерінің тарифтерін төмендету туралы мәлім етіліп, Байланыс және ақпарат министрлігінің тарифтерді төмендету туралы ұсынысы барлық ұялы байланыс рыногына қатысушылардың қолдауын тапты. Отырыс барысында белгілі бол­ғандай “GSM Қазақстан “Қазақ­те­леком” ААҚ компаниясы ең қымбат минөттің құнын қыркүйектің 29-ынан бастап 19 теңгеге дейін түсіруді жос­парлауда. Минөттің орташа құны 9 теңгені құрайды. “Картел” ЖШС берілген ұсынысты қолдап, тариф­те­рінің тиісінше төмендейтінін мә­лім­деді. “Мобайл Телеком Сервис” ЖШС-ның ішкі желідегі тарифтері де минөтіне 19 теңгеден аспайтын болады. Байланыс және ақпарат минис­трі Асқар Жұмағалиев оператор­лар­дың қызметтерге деген тарифтерді төмен­детуі тұтынушылар тарапынан сөзсіз бағаланады деп атап өтті. Со­нымен бірге, ол министрліктің бұдан әрі де осы бағытта тиісті жұмыстар атқа­ра­тындығын да назардан тыс қалдыр­мады. Операторлар да үнемі осы мә­селеге мән беріп отыруы тиіс және уа­қыт ағымы мен тұтыну­шы­лардың қа­жеттілігін ескере отырып, өзінің та­рифтік саясатын реттеуі тиіс, – деді ол. Интерконнект тарифтерін төмен­дету мәселесі де зейінсіз қалмады. “GSM Қазақстан “Қазақтелеком” ААҚ компаниясының бас атқарушы директоры Вейсел Арал, компания жалпы желіаралық бірігулерге деген ставканы 20% төмендетуге дайын деді. “Картел” ЖШС-ның бас ди­рек­торы Анатолий Попов болса, ұсы­нысты қолдай отыра, кенеттен бірден төмендетуден ком­па­ния эко­номикасына нұқсан келе­тінін айтты. Ал, “Мобайл Телеком Сервис” ЖШС-ның Бас директоры Андрей Смелков интерконнект ставка­ла­рының әлдеқайда төмен­дейтіні туралы ойын білдірді. Біз министр­ліктің ұсынысын қолдаймыз және интерконнект тарифтерін дау­ыстық трафикті өткізуі үшін ми­нө­тіне 19,98 теңгеден 5,04 теңгеге дейін төмен­детуді ұсынамыз, – деді ол. Интерконнектке деген салым мемлекетпен реттелмейтіндіктен, министр кездесуге қатысушылардан желіаралық байланысулар тарифін 20 пайызға төмендетуді қарастыруды және бір келісімге келуді, сондай-ақ, одан әрі төмендету жақтарын қарас­тыруды ұсынды. Байланыс және ақпарат минис­трлігі осы жылдың наурыз-сәуір ай­ларында ұялы байланыстың құнына байланысты жағдайды талдап өтті. Өткізілген талдау, басқа елдермен салыстырғанда, тарифтердің жоғарғы деңгейін көрсеткен. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.