10 Қыркүйек, 2010

Телефон арқылы сөйлесті

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Ресей Федерация­сының Үкімет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Әңгіме барысына екіжақты қарым-қатынастардың көкейкесті мәселелері, сауда-экономикалық қызметтестік, сол сияқты энергетика саласындағы өзара іс-қимылдар сөз болды. * * * Қарым-қатынастар талқыланды Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Сигэо Нацуимен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі жетілдіре түсу мәселесі әңгіме арқауына айналды. * * * Мемлекеттік комиссия отырысы Осы күні түстен кейін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы Экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Мемлекеттік комиссия мүшелері бәсекелестікті дамыту, инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру, сол сияқты Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау агенттігі ұсынған инновацияларды дамыту және технологиялық модернизациялауға ықпал жасау жөніндегі салалық бағдарламалардың жобаларын қарады.