11 Қыркүйек, 2010

Палата отырысының күн тәртібі қаралды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының отырысы өтті. Онда Мәжілістің салалық комитеттерінің ұсынуымен алдағы аптада өтетін жалпы отырыстың күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер қаралды. Депутаттардың талқысына бір­қатар халықаралық құжаттарды бе­кі­туді көздейтін заң жобалары ұсы­нылатын болды. Атап айтқанда, “Қа­зақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Ұстап беру туралы шартты рати­фи­ка­циялау туралы”, “Қазақстан Рес­публикасы мен Корея Респуб­ли­ка­сы арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек ту­ралы шартты ратификациялау туралы”, “Уақытша әкелу туралы кон­венцияны ратификациялау ту­ралы” және “Қазақстан Республи­ка­сы мен Еуропа Инвестициялық Банкі арасындағы Еуропа Инвес­ти­циялық Банкінің Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы қызметін реттей­тін негіздемелік келісімді ратифи­кациялау туралы” заң жобалары палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне ұсынылды. Сонымен бірге, Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтен ке­ліп түскен жаңа заң жобаларына қо­рытынды әзірлеу уақыттары анық­талатын болады. “Егемен-ақпарат”.