11 Қыркүйек, 2010

Қала қысқа дайын ба?..

797 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Сіз не дейсіз? Сарыала күз де келіп жетті. Енді біраз уақыттардан кейін солтүс­тік­тің суығы да бастала­ды. Қа­зіргі күннің өзінде бір күн салқын, бір күн жылы болып құбылып тұр­ғанда, қыстың қалай боларын кім білсін. Ауа райының осындай өзгерісінен-ақ қыс қыр астында деп білеміз. Облыс орталығында былтыр қыс ортасында апатты оқиғалар да орын алды. Жалпы, облыс орталығының қыс­қа дайындық жұмыстарын ерте көктемнен бастап жаз бойы жүргізілгенін көшелер бойы­нан, аулалар ішінен, қала әкім­ді­гінің коммуналдық шаруашылық басшыларын шақырып жиі өткізе бастаған отырыстарынан бай­қап, көріп жүрміз. Сонда қысы ал­ты айға созылатын біздің об­лыс орталығының қысқы мау­сым­ға дайындығы қандай екен? “Егемен Қазақстанның” Павлодар облысындағы тілшісі Фарида Бықай қала әкімі Бақытжан Жоламановқа: – Сіз бұған не дейсіз? – Жаңа өзіңіз айтып өткен­дей, қала әкімдігінде қазір күнде жи­налыс десем де болады. Қыс­тың қамын қазірден қолға алып, дайындық жұмыстарын жедел қолға алмасақ, уақыттан ұтылып қаларымыз анық. Қаланың қыс­қа дайындығы жөнінде арнайы құрылған штаб отырысына бар­лық коммуналдық жүйе бас­шы­лары қатысады. Облыс орталы­ғын­да жалпы 1314 тұрғын үй бар. Бұларға 200-ден астам коопе­ратив қызмет көрсетеді. Тұрғын үйлерге, мектеп, ауру­хана, балабақша сияқты әлеу­мет­тік нысандарға жылу беретін тораптар жүйесі  жаз бойы сынақтардан өткізіліп, қыс маусымына әзір. Жоғарыда атал­ған тұрғын үйлердің 817 үйі де то­лығымен жылу маусымына дайын тұр. Әзірше, сондай бір қауіпті, аса күрделі мәселелер жоқ. Облыс орталығының Карл Маркс, Суворов, Павлов, Луна­чарский, Мир, Торайғыров кө­шелері бойындағы жылу жүйе­лері күрделі жөндеулерден өтуде, қыркүйектің соңына дейін аяқ­талады. Соңғы үш жыл бойы Лер­монтов көшесі жаз айларын­да жабылды. Әбден шіріген құбырлар алынып, орнына зама­науи жаңа құбырлар, аязға төзімді коллектор салынды. Сәуір айында басталған “Жол картасы” бағдарламасы бойын­ша 281 миллион теңге бөлінген бұл шаруа енді алдағы қазан айында толығымен аяқталады. Бұл жерде 300-дей адам жұмыс жасауда. Апатты жағдай орын алған қаланың “Шаңырақ” мәдени орталығы маңында аязға шыдамай су құбырларының жарылғаны белгілі. Қазір бұл аралық қалпына келтірілді. Биыл облыс орталығының “Павлодар” жылу жүйелері АҚ-қа қарасты мекемелер жалпы ұзындығы 9 502,1 шаршы метрді құрайтын жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алды, “Водоканал” серіктестігі жал­пы ұзындығы 3360 шаршы метрді құрайтын су жүйелері құбырларын жөндеді. Қыс ай­ла­рында қар тазалайтын қосымша 10 жаңа техника сатып алынды. Облыс орталығының қысқа дайындығы көңілдегідей, бұл ша­ралар күнделікті жұмыс кес­те­сінен түспейді деуге болады. Павлодар.