14 Қыркүйек, 2010

Сақтық шараларын назарда ұстау қажет

932 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Дәрігер кеңесі АҚТҚ жұқпасы бар әйелдерді жүктілігіне байланысты бақылау бірнеше кезеңнен тұрады. Мәселен, жүктіліктің бірінші жартысында дә­рігерге әйел айына 1 рет, жүкті­ліктің 20-шы аптасынан кейін айына 2 рет, 32-ші аптадан кейін айына 3-4 рет көрініп тұруы керек. Қажет болған жағдайда дәрігерлер одан да жиі келіп тұруына кеңес береді. Жүк­тілік қалыпты жағдайда өтіп жат­са, бо­сануға кеңес береді. АҚТҚ жұқпасы анадан балаға қашан, қай кезде жұғуы мүмкін деген сауалға жауап іздейтін болсақ, АҚТҚ-ның анадан балаға жұғу қаупі, егер оның алдын алу бойынша ешқандай шаралар жасалмаса, 20-45 пайыз зақымдануына күдік туады. АҚТҚ жұқпасы анадан балаға жүктілік кезеңінде, босану кезінде я болмаса емшек емізу кезінде жұғуы мүмкін. Жүктілік кезеңінде вирус әйелдің қан айналымы арқылы бала жолдасы арқылы ұрыққа енуі мүмкін. Бала жолдасы – бұл ана мен баланы жал­ғас­тырып тұратын мүше. Қа­лыпты жағдайда бала жолдасы нә­рестені ана­сының қанындағы әртүрлі жұқпалар­дың қоздырғышынан сақ­тай­ды, оның ішінде АҚТҚ-жұқпа­сы­нан да. Әйтсе де егер бала жолдасы қабынса немесе за­қымданса (ішінің жа­рақат алуы жә­не жұқпалы аурулар жағ­дайында), он­ың қорғаушы қа­сиеті күрт төмен­дей­ді және вирус жұ­ғуы мүмкін болады. Ал босану кезінде вирусты жұқ­тыру екі жолмен өтеді: бала босану жолдарынан өту барысында (жатыр мойыны, қынап) нәрестенің терісі құрамында АҚТҚ жұқпасы бар қан­мен және қынаптық бөлінділермен жанасады. Баланың терісінде жара немесе басқа да зақымданулар болса, солар арқылы вирустың бала орга­низ­міне түсуі мүмкін. Босану жол­да­ры арқылы өткенде нәресте ана­сы­ның қанын және қынаптық бөлін­ділерді жұтып қоюы мүмкін. Бұл жағдайда вирус баланың организміне аузының шарашты қабаты, өңеші және асқазаны арқылы өтеді. Нәрестені емшекпен тамақтан­дырғанда жұқтыру мына жолдармен болуы мүмкін: тікелей сүт арқылы, себебі, онда АҚТҚ-ның үлкен кон­центрациясы болады, екіншіден қан арқылы – егер анасының емшегінің айналасында немесе сүт безінің қабынуы (мастит) болса. Егер анасы баланы емізіп жүрген кезде АҚТҚ-ны жұқтырса, онда балаға жұқпаны жұқтыру қаупі 28 пайызға артады. Ана сүті арқылы жұғу қаупі 12-20 па­йыз­ды құрайды, сондықтан, ем­шек­пен емізуден бас тартылғаны жөн. Өйткені, балаға ақысыз сүт қоспа­ларын беруге болады. Туғаннан кейін АҚТҚ(+) әйел күтімінің АҚТҚ-ға теріс нәтижесі бар әйелдің күтімінен айтарлықтай айырмашылықтары болмайды. Сүт­тің шығуын емшекті тартып байлау немесе дәрі-дәрмек қолдану әдісі ар­қылы тоқтатуға (дәрігердің нұс­қауымен) болады. Нәрестені күту-бағу барысында АҚТҚ(+) аналардың жұқтырылған сұйықтықтармен жанасуға жол бермей, сақтану шара­ларын орындау қажет (қанмен, сүтімен, қынаптық бөліндісімен). Перзентханадан шыққаннан кей­ін АҚТҚ(+) әйелге мүмкіндігінше гинекологқа және ЖҚТБ орталы­ғы­ның дәрігеріне көріну қажет, себебі АҚТҚ(+) әйелдер босанғаннан кей­інгі жұқпалық асқынулармен зақым­далған. Перзентханадан шыққаннан кейін мамандардан отбасын жоспар­лау мәселесі бойынша және кон­­тра­цеп­цияның анағұрлым қауіпсіз әдіс­те­рі туралы ақыл-кеңес алуының маңызы зор. АҚТҚ(+) аналардан туған кіш­кентайлар көп көңіл бөлуді қажет етеді. Олардың денсаулығы көп жағ­дайда анасының медициналық қа­рауға қатынасына және педиатрдың тағайындаған ем-шарасын орын­дауы­на байланысты болады. Тұрғылықты мекен-жайы бой­ын­ша емхана дәрігерінің бақылау­ында болу, мамандардың қарауынан өту, стандартты зертханалық тек­се­ріс­­тер­ден өту, 1-6-12 айларда АҚТҚ-ға ар­найы тексерістен өту, құрсақ ішілік жұқ­паларға тексеруден өту, вакцина­ция­­дан өту (егу күнтізбесіне сәйкес) қажет. Аналар мен балалар APB пре­па­раттарымен тегін қамтамасыз етіледі, сондай-ақ, 1 жасқа дейін балаға тегін қоректік қоспалар беріледі. Диана РАМИЛЬҚЫЗЫ, Астана қаласы “ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы” ММ-нің  дәрігер эпидемиологы.