14 Қыркүйек, 2010

“Ақтөбе” 76 сатыға көтерілді

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында футболдан Халықаралық статистика және тарих федерациясы клубтық командалардың әлемдік рейтингісін жариялады. Мұнда “Ақтөбе” командасы тамыз айында тұрған 354 орыннан қыркүйек айында бірден 76 сатыға көтеріліп, 278 орынға жайғасты. Команданың қоржынында 75,5 ұпай бар. Ал әлемдік рейтингінің алғашқы ондығында “Ми­лан” (Италия), “Барселона” (Испания), “Ба­вария” (Германия), “Челси” (Англия), “Ливерпуль” (Англия), “Андерлехт” (Бельгия), “Атлетико” (Ис­па­ния), “Вердер” (Германия), “Эстудианс” (Арген­тина), “Интернасиональ” (Бразилия) командалары орналасқан. “Ақтөбеден” кейін әр кездері халықаралық аре­нада көзге түскен мына командалар жайғасып отыр. “Лех” (Польша, 268), “Олимпия” (Парагвай, 272), “Хе­ренвен” (Голландия, 272), “Баник” (Чехия, 282), “Пар­ма” (Италия, 286), “Бари” (Италия, 286). Бізбен Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде бір топта күш сынасып жатқан Түркия ко­ман­даларына келсек, “Фенербахче” – 43, “Галатасарай” – 48, “Бешикташ” 52 орында тұр. Ал көршілес Өзбекстанның “Бунедкор” клубы 105 орында болса, “Пахтакор” 251 орынды иеленіп отыр.