14 Қыркүйек, 2010

Салық қызметінің сапасы артуда

632 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Талап және тәртіп Ақмола облысының салық де­пар­таменті еліміздің салық ор­гандарының құрамдас бөлігі ретінде үл­кен даму жолынан өтіп келеді. Бол­жамданған түсім жоспарының ор­ындалуы, оның көлемінің аза­юы­на жол бермеу бағытында ай­тарлықтай жұмыстар атқарылуда. Мә­селен, биылғы жылдың жар­ты­жыл­дығында мемлекеттік бюджет б­ойынша болжамды жоспар 109,3 па­йызға, республикалық бюджет бо­йынша 110,2 пайызға, ал жер­гілікті бюджет түсімі 108,8 пайызға орын­дал­ды. Соңғы жылдардағы бюджет түсімінің көлеміне назар аударсақ, оның мөлшері үнемі өсіп отырғанын байқаймыз. Айталық, 2008 жылы бар­лық деңейдегі салық түсімі 43853,0 миллион теңге болса, 2009 жы­лы ол 44061,0 миллион теңгеге жетті. Болжамды бюджет түсімі жос­парының орындалуын қадаға­лай­тын арнайы жұмыс тобы құрылып, қо­сымша түсім көздерін анық­тау­мен айналысуда. Соңғы жылдарда атал­ған топ салық есептерін ка­мералдық бақылау, салықтың бар­лық түрлері бойынша төлемдердің резервтерін анықтау, өкілетті ор­ган­дар тара­пы­нан берілетін ақ­па­раттардың са­па­сын арттыру сияқты әкімшілік ша­раларды жүзеге асыру арқылы түсім көлемін арттыруға қол жеткізді. Биылғы жартыжылдықта ұдайы жүргізілген салық әкімшілігі жұ­мыс­тарының нәтижесінде бюд­жет­ке қосымша 1416,1 миллион теңге қар­жы түсті. Оның 980,2 миллион теңгесі камералдық бақылау жұ­мыс­тарының, 156,3 миллион тең­гесі эко­номикалық бақылау жұ­мыс­та­рының және 279,6 миллион теңгесі мемлекеттік өкілетті органдар тарапынан берілетін ақпараттарды тиімді пайдаланудың арқасында қол жеткен жетістіктер. Облыстық салық департаменті бюджет бойынша қарыз көлемін қысқарту бағытында да айтар­лық­тай жұмыстар атқаруда. Ұжымымыз 2008-2010 жылдарда осы салада ел аймақтары ішінде бірінші сатыдан көрінуі осыны айғақтайды. Тере­ңі­рек айтсақ, 2000 жылы о­б­лы­сы­мыз­да салық түсімдері бойынша қарыз көлемі 6004,3 миллион теңге болса, биылғы жылдың 1 қаң­та­ры­н­да ол 950,0 миллион теңге болды. Бүгінгі таңда облыстық салық департаментінде өз жұмысын жақ­сы білетін білікті мамандар еңбек етеді. Әріптестеріміздің 82,1 па­йы­зының жоғары білімі бар, ал 17,9 па­йызы өз мамандықтарын же­тіл­дірумен айналысады. Ұзақ жылдар бойы осы салада жемісті еңбегімен абыройға бөленген қыз­мет­кер­ле­рі­мізді мақтан етеміз. Олардың қа­та­рында “Салық қызметінің үз­дігі” атанған Мұратбек Мұстафин, Сер­гей Чепижко, Майра Қарауылова, ГәуҺар Алтынсаро­ва­ны ерекше атап өтер едік. Біздің мақсатымыз – жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерімізге барынша сапалы қызмет көрсету. Бұл орайда, соңғы жылдарда жүргізіліп жатқан техникалық жарақтандырулар, салық қызметін оңтайландыру қадамдары қол ұзартқаны белгілі. Өткен жылы қабылданған жаңа Салық кодексі салық түрлерін қысқартып, құжат ай­на­лысын жеңілдетті. Жұ­мы­сы­мыздың сапасын арттыру да айрықша бақылауда ұсталады. Біздің қызметімізді пайда­ла­ну­шы­лардың ұзын-сонар кезекте тұрып, ал­тын уақыттарын босқа жо­ғалтпай, қажет құжаттарын не­ғұрлым қысқа мер­зімде алулары үшін барлық жағ–­дайды жасауға тырысамыз. Таяуда ғана Көкшетау қа­ласында жаңадан ашылған қыз­мет көрсету орталығы осы жұ­мыстардың бір көрінісі дегім ке­леді. Барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған мұндай ор­та­лық­тарды алдағы уақытта барлық аудандарда пайдалануға беру басты мақсатымыз саналады. Облыстық салық депар­та­ментінде сыбайлас жем­қор­лық­пен күрес мәселесіне де ерекше көңіл бөлінеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ерекшелігін нақты атап өткеніндей, біздің республикамыз үшін сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау және оған ықпал ететін жағдайларды болдырмау мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Өйткені, жемқорлық қоғамның барлық саласына: экономикаға, әлеуметтік салаға, саясатқа өзінің кері әсерін тигізетін кесел. Сыбайлас жем­қор­лық­пен күрес барша азаматтардың, еңбек ұжымдарының міндетті парызы болуға тиісті. Осыған орай, біз өз қатарымызды жемқорлардан тазартуға барынша назар аударып, заң жолын кесу бағытындағы жұмыстарды ұдайы бақылауда ұстаймыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты әрекеттер қолдану мақ­сатында 2009 жылы жемқорлық, лауазымдық құқық бұзушылықты болдырмау, салық органы қызмет­керлерін заңсыз әрекеттерден оқшаулау, келеңсіздіктің алдын алу мақсатында ведомстволық бақылау басқармасы құрылды. Сондай-ақ, облыстың барлық кәсіпорындары мен салық төлеушілер арасындағы ынтымақты байланысты нығайта түсудеміз. Осы бағытта былтыр құқық қорғау органдарымен, “Ата­мекен” одағы” Қазақстанның ұлт­тық экономикалық палатасымен, “Нұр Отан” ХДП облыстық фи­лиалымен жемқорлықпен бірлесіп күресу жөніндегі меморандумға қол қойылып, тиісті жұмыстар ат­қа­рылуда. Облыстық департамент ғимаратында және жекелеген аумақтық салық басқармаларында бейнебақылау камералары орна­тылған. “Электронды үкімет” жү­йесін дамыту, “Салық тө­леу­шілер кабинеті” терминалын орнату, “сенім телефондарын” жабдықтау жұмысымыздың ашықтығын қамтамасыз етуде. Жолдасбек НҮСІПОВ, Ақмола облыстық салық департаментінің бастығы, экономика ғылымдарының кандидаты. Ақмола облысы.