Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, 14 және 15 қыркүйекте Украина Президенті Виктор Януковичтің шақыруымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен бармақ. Қос мемлекет басшыларының Киевте өтетін келіссөздері барысында екіжақты және көпжақты аяда Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастық мәселелерін кеңейту жайы көзделеді екен. Сондай-ақ, екіжақты құжаттарға қол қойылуы тиіс деп күтілуде көрінеді.
Бұдан кейінгі кезекте ресми өкіл 15 және 16 қыркүйек күндері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ыстамбұлда өтетін Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-шы мерейтойлық саммитіне қатысатындығын атап өтті. “Алдағы басқосу барысында түркітілдес елдердің көшбасшылары саммитке қатысушы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарға қатысты бірқатар жағдайларды, ортақ қызығушылық туғызатын аймақтық және жаһандық проблемаларды, Түркі кеңесі Хатшылығын құру және басшылығын тағайындау мәселесін талқылайтын болады”, деді бұл турасында А.Абдрахманов. Тағы бір атап өтерлігі, аталған саммит аясында биылғы жылдың мамыр айында Түркия Президенті Абдулла Гүлдің Қазақстанға ресми сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астанада ашылған Түрі әлемі академиясының қызметі жөнінде пікір алмасу болмақ. Сонымен қатар, бұл келелі басқосудың күн тәртібінде Түркі кеңесінің қамқорлығы аясында жаңа консультативті орган – Ақсақалдар кеңесін құру мәселесі көзделіп отырғанын да айтқан жөн. Саммит қорытындысы бойынша Ыстамбұл декларациясына қол қою жоспарлануда, деді А.Абдрахманов.
Бұл күнгі брифингте сондай-ақ, 16 және 17 қыркүйекте Венада ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалығы мен Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының бірлескен үйлестіруімен Ұйымға қатысушы мемлекеттерде электронды дауыс берудің қазіргі ахуалы мен келешегін талқылауға арналған сарапшылар семинары өтетіндігі айтылды.
“Ал 16 және 17 қыркүйекте Әскери-саяси өлшемде ЕҚЫҰ мақсаттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының бірлесе үйлестіруімен Алматыда “Орталық Азиядағы жеңіл және атыс қаруының заңсыз айналымымен күрес” тақырыбында халықаралық семинар өткізіледі. Семинар барысында жеңіл және атыс қаруына қатысты импорттау, экспорттау, делдалдық қызмет, таңбалау және бақылаудың халықаралық стандарттары қарастырылады”, деді ресми өкіл өз сөзінде.
Брифингте 17 қыркүйекте Мәскеуде өтетін ТМД Экономикалық кеңесінің 47-ші басқосуы турасында да жан-жақты айтылды.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды
Әлем • 31 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті
Денсаулық • 31 Желтоқсан, 2025
ІKOMEK109 арқылы өтініш қабылдау тоқтатылады
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
1 қаңтардан бастап елшіліктер шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
ФИФА футбол ережесіне өзгеріс енгізуі мүмкін
Спорт • 31 Желтоқсан, 2025
Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті
Қаржы • 31 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасады
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Төрт облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін
Экономика • 31 Желтоқсан, 2025
Байланыс операторлары мен букмекерлерге айыппұл күшейді
Заң мен Тәртіп • 31 Желтоқсан, 2025
Астанада автобус аялдамасын бүлдірген вандал ұсталды
Оқиға • 31 Желтоқсан, 2025