15 Қыркүйек, 2010

Ақжолтай

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“VІІ қысқы Азия ойын­дарын Ұйымдастыру жөніндегі коми­те­тінің атқарушы дирек­циясы” Ақ Азиаданың ашылу салта­на­тына дейін алауды ұстап жү­ре­тін адамдардың жанына күзет­шілер таңдап алу үшін байқау жариялады Олар екі топқа бөлінген 12 адамнан тұруы тиіс. Конкурс ке­зінде  әділқазылар алқасы күзет фирмаларының қызмет­кер­леріне, Қарулы Күштер са­пында болған бұрынғы әске­ри­лер мен өзін күтпеген оқиға­лар­дан қорғай алатын адамдар­ға таңдау жасайтынын ескерте­ді. Байқаудан сүрінбей өткен үміткерлерге алау күзетшісі болғанда олардан Эль-Кувейт қа­ласынан бастап Астанаға дейінгі аралықта алаудың қауіпсіздігіне жауап беруіне талап қойылады. Дастан КЕНЖАЛИН.