Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының оқу-әдістемелік орталығында “Саламатты болашақ” облыстық жастар бірлестігінің қолдауымен “Әлеуметтік идеялар мен жобалар” жәрмеңкесі өткізілді. Арнайы көрмеге облыстағы 400-ден астам қоғамдық бірлестік ұсынған еңбектерден таңдаулы 20-сы іріктеп алынды.
Жұртшылық назарына ұсынылған жұмыстардың авторлары үдемелі даму үстіндегі тәуелсіз мемлекетіміздің айшықты табыстарын паш етумен қатар, экономика мен әлеуметтік саланы бәсекелестік ортаға бейімдеу, идеологиялық саясатты жетілдіру, қоғамдық белсенділікті арттыру бағытындағы ұстанымдарын дәйекті дәлелдей білді.
Бәсекелестік демекші, осынау интеллектуалдық сайыста да оза шапқандар бәйге төрінен көрінді. Ұйымдастыру алқасы бес номинация бойынша облыс орталығының “Томирис”, Степногордың “Десантное братство”, Аршалы ауданының “Альтаир”, “Қорғалжын жастары”, Сандықтау ауданының “Жас өркен” қоғамдық ұйымдарын жеңімпаз деп таныды. Оларды облыс әкімі С.Дьяченко мен облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Г.Шөкева құттықтап, сертификаттар тапсырды.
Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.