15 Қыркүйек, 2010

Курсанттар ант қабылдады

551 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жуырда құқық қорғау орган­дарының болашақ офицер­ле­рінің қатары “қаржы по­ли­ция­сының қатардағы қызметкері” ата­ғы берілген Қаржы полициясы ака­де­миясының тыңдаушыларымен толықты. Осы күні академияның бірінші курсының тыңдаушылары ант қабылдады. Бұл болашақ қаржы поли­ция­сы және кеден органдары офи­цер­лерінің өміріндегі ең маңызды оқиға болып табылады. Академия тыңдаушысы қатарына ресми қабылдану алдында жалпы білім беру мектептеріндегі бірыңғай ұлттық тестілеуден өту, акаде­мия­ның медициналық және психо­ло­гия­лық тексеруден, дене шы­нық­тыру дайындығынан нормативтер тапсыру, кешенді тестілеуден тұратын үш деңгейлік конкурстық іріктеуден өту қажет болған. Мұнан кейін академияға түскендер қызметін әрі қарай атқаруға даярлайтын бір айлық “Жас жа­уынгер курсын” өткізу, сонымен қа­­тар курс бойынша дене шы­нықтыру, саптық дайындық және мамандыққа кіріспе сабақтарын өту жоспарланған. Салтанатты рәсімге Эконо­ми­калық қылмысқа және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес агент­ті­гінің төрағасы, Қаржы по­ли­циясының генерал-майоры Қайрат Қожамжаров, төрағаның орын­ба­сары мен департамент бас­шылары, Президент Әкім­шілігінің, “Нұр-Отан” ХДП өкілдері, сонымен қа­тар тыңдаушылардың ата-аналары мен өзге де қонақтар қатысты. Қаржы полициясы академия­сының бастығы, қаржы полиция­сының полковнигі М.Башимов салтанатты ант қабылдау рәсіміне арналған шеруді ашып, оқу алаңында академия тыңдау­шы­ларының қызметтік-оқу жат­ты­ғуларының көріністері көрсетілді. Отанның құқық қорғау органдарына қызмет етуді және мем­лекеттің экономикалық қауіп­сіздігін қорғауды өзінің борышы деп санаған қаржы полициясы және кеден орган­дарының болашақ қызметкерлерін 4 жыл қауырт оқу күтіп тұр. Эконо­микалық және сыбайлас жем­қорлық қылмыс­тардың алдын алуға, ашуға және тергеуге қажетті заң және экономикалық білімді меңгерген бүгінгі қатардағы қаржы поли­циясы қызметкерлері мемле­кеттің құқықтық тәртіп пен эко­но­микалық қауіпсіздігінің тиім­ділігін арттыруға үлес қосамын деген ізгі ниетін іске асыра алады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, Астана.