Президент кубогы сарапқа түскен бәйге жүлдесіне жеті жаңа автокөлік тігіліп, тұлпар мен шабандоздардың жауапкершілігін еселей түсті.
Көкбастау жазығындағы атшабар алаңындағы бөктерді жағалай жайғасқан жанкүйерлер алдынан бас төреші Орынтай Әмірғалиев бастаған шабандоздар сап түзеп өткенде құстай ұшқан тұлпарларды жазбай танып жатты. Облыс әкімі Серік Үмбетов көпшілік алдында ат спортының саламатты өмір салтын қалыптастырудағы мән-маңызына тоқталып, биыл дәстүрлі мерекенің 12 рет өткізілгенін, өңірде бұл шараға лайықты назар аударылғанын атап өтті. Алдағы кезде де ұлттық дәстүрге сай оның аясын кеңейту бағытындағы жұмыс жалғасатынын жеткізді. Халқымызда: “Ат шаппайды, бап шабады”, деген мағыналы сөз бекер айтылмаған. Бүгінгі жарыс жолына жүзден жүйрік сәйгүліктер шығатыны анық. Олай болса тұлпарларыңыз табысты болып, аттарыңыз бен баптарыңыз қатар шапсын, деді.
Тақымын қысып, екпіндеген шабандоздарға Алматы облысының құрметті азаматы Ізбасар Балтағұлов бата берген соң, 11 шақырымдық қашықтықтағы құнан бәйге басталды. Алғашқы айналымда-ақ екпіндеген аттардың қатары сиреп, мәре сызығын Болат Әбішұлының қыраны қиып, автокөлікті иеленді. Ал, топ бәйгеге жал-құйрығы сүзілген 50 тұлпар қосылды. Бұл жолы өзгелерден оқ бойы озған алматылық Уәлихан Әбдіралиевтің “Атилласы” бірінші келіп, шетелдік автокөлікті иесіне сыйласа, Солтүстік Қазақстаннан келген Біржан Шаймерденовтің “Нұр Отаны” екінші орынға шығып, темір тұлпар кілтін алды.
Бәйге жолындағы 9 шақырымда жүрісінен жазбаған жорғалардан асығы алшысынан түскен Жамбыл облысынан келген Бөтен Сүлейменовтің “Тачанкасы” автокөлік, екінші орынды Жамбыл ауданының, үшінші орынды астаналық Арман Төлеуовтің “Французы” қанжығасына байлады.
Аламан бәйгенің орны бөлек екені белгілі. “Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгірер” демекші бұл бәйгеге 46 жүйрік қосылып, айналым сайын шашасына шаң жұқтырмаған жүйріктер бір үміт, бір күдікті жанкүйерлердің дегбірін қашырды. Десек те бағы жанған Жамбыл ауданының келісті торқасқа “Гауһар” атына заты сай екенін дәлелдеп, өзгелерді шаң қаптырып, бас бәйге “Джип” автокөлігі мен Президент кубогын жеңіп алды. Бұдан кейінгі бірінші, екінші орындарға тігілген автокөліктерді Қарасай ауданы мен Астана қаласының тұлпарлары еншіледі. Көкбастау жазығын мерекеге бөлеген ұлттық ат спорты жарысы осылайша аяқталды.
Суреттерде: Көкбастауда өткен жарыс сәтінен.
Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.

Қазақстанда бір палаталы Құрылтайды ықтимал тарату тетігін неғұрлым икемді ету ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 17:58
Халықаралық заңгерлер қауымдастығы: Жаңа Конституция жобасы халықаралық стандарттарға сай
Ата заң • Бүгін, 17:48
«Ардагерлер ұйымы» жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:32
Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды
Құқық • Бүгін, 17:25
Марат Шибұтов: Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын
Ата заң • Бүгін, 17:20
Президент Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:16
Конституциялық комиссия жаңа Ата заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:13
Маңғыстаулық педагогтер халықаралық жобада жеңімпаз атанды
Экология • Бүгін, 17:01
Қазақстан Халық партиясы өңірлерде Конституциялық реформа барысын түсіндірді
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Қазақстанда жыл сайын 80 мың ем алушы донорлық қан алады
Медицина • Бүгін, 16:58
Семейде терроризмді насихаттаған азамат 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:52
Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:44
Қостанай облысының әлеуметтік салаларын дамыту: Үкіметте қандай мәселелер көтерілді?
Аймақтар • Бүгін, 16:36
Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді
Қоғам • Бүгін, 16:32