Сәрсенбі күні Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс жетінші мәжілісі болып өтті. Оның жұмысына еліміз Бас прокуратурасының, Білім және ғылым, Ішкі істер, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Мәжілісте Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков баяндама жасады. Одан кейін тәрбиелеу колонияларынан босатылған, арнайы және ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарынан шығарылған кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтауды тексеру барысында Бас прокуратура анықтаған заң бұзушылықты түзету жөнінде қабылданған шаралар туралы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің есептері тыңдалды.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.