17 Қыркүйек, 2010

Қызмет сапасы бағалаумен анықталады

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері агенттікте орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың кадр қызметтерінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын әзірлеуге және ведомстволық бағдарламаларды орындауға жауапты құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен семинар-кеңес болып өтті. Оны Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қ.Нұрпейісов ашып, агенттік жұмысының бағыт­тарын атап өтіп, оның кейбір ма­ңыз­ды мәселелеріне жан-жақты түсінік берді. Мемлекет басшысының “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүм­кіндіктері” атты Қа­зақстан халқына Жолдауын, Қа­зақстан Республи­касының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі құ­қық­тық саясат тұжы­рымдамасын, Қа­зақ­стан Респуб­ли­касының 2020 жыл­ға дейінгі стра­тегиялық даму жос­парын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қыз­мет жүйесіне ре­формалау жүр­гізіледі. Ағымдағы жылдың қыркүйек айы­нан бастап Ақмола және Оң­түстік Қазақстан облыстарында мем­лекеттік қызметке конкурстық іріктеудің екі кезеңдік жүйесімен қабылдау бойынша қанатқақты жоба басталды. 2011 жылдан бастап Қазақ­стан­да мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізіледі. Бағалаудың нәтижелері Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын болады. Агенттік мемлекеттік қызмет көр­сетудің сапасы және мемле­кет­тік қызмет персоналын басқару бой­ынша бағалауды жүзеге асы­ра­ды­. Биылғы жылы Еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау министр­лі­гінде және Табиғи монополия­лар­ды реттеу агенттігінде қанатқақты бағалаулар жүргізілді. Басқосуда мемлекеттік орган­дар­дың өкілдері аталған бағ­дар­ламалар бойынша өзекті мәсе­ле­лерді тал­қы­­лап, алдағы бірлесіп атқарылатын жұ­мыстар бойынша ұсыныстар жасады. “Егемен-ақпарат”.