17 Қыркүйек, 2010

Халықаралық құжаттар қарымы

518 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палатаның сәрсенбі күнгі пленарлық отырысының күн тәртібінде тоғыз мәселе қаралды. Мақұлданған заң жобаларының дені халықаралық құжаттарға қатысты болды. Депутаттар осы отырыста әріптестері Керімжан Бижановтың өкілеттігін өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатуды қолдап дауыс берді. Заң жо­баларының ішін­де Мұнай және мұнай өнім­дері­нің айналымы саласында жауап­кершілікті кү­шейту мәселе­ле­рі бойынша кейбір заңнамалық ак­тілерге өзгерістер мен толықты­ру­ларды көздейтін заңдық құжатты кейінге қалдыру мәселесі көтерілді. Депутат Зағипа Балиева аталған заңдық құжаттағы норма, яғни 500 ай­лық есептік көрсеткіш белгі­лен­ген айыппұл көлемі Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 48-бабымен қабыспайтындығын ай­тып, заң жобасын кейінге қалдыра тұруды ұсынды. Алайда мұндай пі­кір­мен келіспеген депутаттар уақыт жоғалту қылмыстық қауымдас­тық­қа тиімді дегенді айтып, Сенаттан келген заңдық құжатты мақұлдаған жөн деп тапты. “Уақытша әкелу туралы кон­вен­цияны ратификациялау ту­ралы” заң жобасы бойынша баяндаманы Қаржы министрінің орынбасары Андар Шоқпытов жасады. Кон­вен­ция 1990 жылдың 26 маусы­мын­да Ыстамбұл қала­сында қа­был­данған. Құжат тауарларды уа­қытша әкелудің барлық мүмкін­дік­терін қарас­тыратын бірыңғай ережелі халық­аралық шарт болып табылады. Сондықтан құжат тауар­ларды баж салығынсыз әке­луге әрі тез ресімдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда конвенцияны 61 мемлекет бекітсе, соның ішінде Бірыңғай кеден одағына кіретін Ресей мен Белоруссия да бар. Заң жобасы бірауыздан мақұл­данды. Еліміз бен Еуропа Инвести­ция­лық банкі арасындағы соңғы­сының Қазақстандағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы да депутаттар қолдауына ие болды. Аталған құжатқа Н.На­зар­баевтың Бельгияға барған сапары барысында қол қойылған. 1978 жылы құрылған ЕИБ Еуро­па­лық Одақтың ірі кредиттік ұйы­мы саналса, оның жарғылық қоры 164,8 миллиард еуроны құрайды. Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайынов­тың айтуынша, сыртқы қаржы көздерінің қысқаруы жағдайында аталған қаржы институты инфра­құ­рылымдық жобаларға арзан әрі ұзақ мерзімді несие беруге қауқар­лы саналады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.