18 Қыркүйек, 2010

Екіжақты келісімге қол қойылды

503 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Астана қаласында еліміз Сырты істер министрлігінің Жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев пен ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі, БҰҰ-ның резидент-үйлестірушісі Ханаа Сингер “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы БҰҰ паспорттары иелерін визалық талаптардан босату туралы” келісімге қол қойды. Визалық талаптардан босату жөніндегі келісім жасасу БҰҰ-мен өзара қарыс-қатынасты дамыту­да­ғы кезекті қадам болып табылады. Сол себепті Қазақстан Ұлттар Ұйымының адамзаттың өмірлік проблемаларын шешудегі жетекші рөлін түйсіне отырып, БҰҰ-мен ынтымақтастыққа үлкен мән беріп отыр. “Бұл ұйым – әлемдегі ең беделді ұйым. Сондықтан, осын­дай келісімдерге қол қою арқылы әріптестігімізді одан әрі нығайтуға жол ашылады деген ойдамыз”, деді Рәпіл Жошыбаев. Ал ЮНИСЕФ-тің Қазақстан­да­ғы Өкілі, БҰҰ-ның резидент-үй­лестірушісі Ханаа Сингер өз кезе­гінде бұл келісімге қол қою рәсімі БҰҰ-ның Қазақстандағы айтулы оқиғасы ретінде есте қалатын­ды­ғын атап өтті. “Бүгінде Қазақ­стан­да БҰҰ-ның 12-ге тарта ведом­ствосы жұмыс істейді. Қазіргі таң­да олардың саны өсіп келеді. Әсіресе, Алматыда. Біздің бұл қа­ла­да БҰҰ-ның өңірлік орталығын құрсақ деген ойымыз бар. Қа­зақ­стан бүгінде БҰҰ өкілдерін ви­за­лық талаптардан босату режімін қа­былдаған 26 елдің құрамына кір­ді. Ал ол елдердің басым көпшілігі еуропалық елдер екенін айтқан жөн. Бұл өз кезегінде Қазақстан та­ра­пынан БҰҰ-ның дүние жү­зін­дегі рөліне айрықша назар ауда­ры­лып отырғанын көрсетеді. Мен өз тарапымнан Қазақ елінің бүгінгі таңда қол жеткізіп отырған жетіс­тік­тері мен жүргізіп отырған көш­бас­шылық саясатын жоғары баға­лар едім”, – деді Ханаа Сингер. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.