21 Қыркүйек, 2010

Тіл мәртебесі алыптармен астасты

583 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақ халқы тәуелсіздік жо­лын­да талайлы тағдырды бастан кеші­ріп, неше ғасыр осы бір тәуелсіздік үшін небір қиыншылықтарға тап болып, ерен ерлік, тапжылмас шы­дамдылық көрсеткені белгілі. Бұл жолда халқына бас болып, өрелі істерге көшбасшы бола білген хан­дар мен батырлар болған. Соларды халқы ардақ тұтып, тәуелсіздік орнаған күннен бері оларға тағзым етіп келеді. Жақында Астана қаласы тіл­дер­ді дамыту басқармасының ұйым­дас­тыруымен Қазақстан халқы тіл­дерінің ХІІ қалалық фестивалі ая­сында Жәнібек пен Керей және Кенесары ескерткіш­терінің алдын­да “Тағзым мен тағылым” атты мерекелік іс-шара болып өтті. Тарихи тұлғалар ескерткіш­те­ріне гүл шоқтары қойылып, тағзым етіліп, жиналған көпшілік алдында сөз алған тарих ғылымының док­то­ры Хангелді Әбжан қазақ хал­қының алғашқы хандары Жәнібек пен Керей жөнінде толымды мағлұматтар келтіре отырып, тілі­міз­дің мәртебесін арттыру аясында өз ой-пікірін айтып өтсе, Астана қаласының тілдерді дамыту бас­қар­масының бастығы Оразкүл Асан­ғазы қаладағы атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, жиналған көпшілікті, әсіресе жастарды алып­тар рухына тағзым етуге шақырды. Сондай-ақ халқымыздың соңғы ханы Кенесары ескерткіші алдында да осындай мерекелік іс-шара бо­лып, филология ғылымының док­то­ры Құныпия Алпысбаев пен ме­ди­цина ғылымының докторы Мұ­хам­медия Ахметов Кенесары Қа­сым­ұлының ерлік шежіресін баян­дап, ұрпаққа үлгі болар ұлағатты өмір жолын жас ұрпаққа таныс­ты­рып өтті. Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалы драма театры әр­тіс­терінің жазушы Думан Рамазан­ның “Кенесары-Күнімжан” пьеса­сы­нан көрсетілген қойылым мен қа­ладағы №58 қазақ мектебі оқу­шы­лары Хан Кене өмір сүрген орта кезеңіндегі шытырман оқиға желі­сіне құрылған драмалық шығарма­дан үзінділер кештің сәні мен мәнін ажарландыра түсті. Берік САДЫР.