02 Қазан, 2010

Ортақ ұсыныстар ортаға салынды

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше елордада “Атамекен” одағы” Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төралқасы мен басқармасының бірлескен отырысы болып өтті. Оған аталған палатаның басшылары Тимур Құлыбаев, Азат Перуашев, сондай-ақ кәсіпкерлік сала мен мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Бұл басқосуда “Атамекен” одағы” ҚҰЭП-тің са­рапшылар тобы әзірлеген экономикалық құқық бұ­зушылық саласындағы заңдарды ізгілендіру жөніндегі ұсыныстар жобасы мен ұйымдастыру мәселелері қа­ралды. Жиында баяндама жасаған заң ғылымда­ры­ның докторы, профессор И. Борчашвили қаралған мә­селеге қатысты “Заң жобасының негізгі идео­логиясы басты екі міндетті шешуге бағытталады. Оның алғашқысы кәсіпкерлерді құқық қорғау ор­гандарының негізгі кедергі келтіруінен қорғау болса, екіншісі экономикалық қылмыстардан жәбір көргендерге шығындарын қайтарудың тиімді жолын қамтамасыз ету болып табылады”, – деп атап көрсетті. Сондай-ақ ол заң жобасы құрылымы қыл­мыстық заңнама мен әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері секілді екі басты бағытты қамтитындығын да назардан тыс қалдырмады. Мұнан кейін мінбеге көтерілген бірқатар баяндамашылар да өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.