02 Қазан, 2010

Алдағы сапарға зор маңыз

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының Төраға­сы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ми­хаил Бочарниковты қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында екіжақты қа­тынастарды, оның ішінде пар­ла­мен­таралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқы­ланды. М.Бочарников Төрағаны Ресей Федера­ция­сы Федералды Жиналы­сы Фе­де­рация Кеңесінің Төрағасы С.Ми­роновтың Қазақстанға алдағы рес­ми сапары туралы ха­бар­дар етті. Дипломаттың айтуын­ша, биылғы 8-9 желтоқсандағы сапар барысында Сенат пен Фе­де­рация Кеңесі арасындағы ынты­мақ­тастық жөнін­дегі топтың  төр­тін­ші оты­рысын өткізу жоспар­ланып отыр. “Біз алдағы сапарға зор маңыз береміз”, – деді Қ.Тоқаев.