Бүгінде телефонсыз, әсіресе, ішінде не керегіңнің бәрі бар смартфондар мен планшеттерсіз өмірді көзге елестетудің өзі қиынға айналып бара жатқан сияқты. Керек десеңіз, телефон қазіргі уақытта байланыс құралы ғана емес, сонымен бірге, жаңалықтарды жеткізетін ақпарат көзінің, тіпті уақыт өткізетін «ойыншықтың» да рөлін атқара бастады.

Оның жұмыс бабында пайдаланатын үлкендерді былай қойып, балалардың қолдарынан түспейтін дүниеге айналуына да осы соңғы жағдай себеп. Осы жайттардың өзі-ақ қазіргі заманғы технологияның жеткіншектер үшін әсері қандай деген сауалға жауап іздеп көруге толық негіз бола алатындай.
«Нью-Йорк таймс» газетінің тілшісі Ник Билтон Apple компаниясын басқарып тұрған кезде Стив Джобсқа «Сіздің балаларыңыз айпадқа есі кетіп қуанатын шығар?» деген сұрақ қойғанда, «Олар оны пайдаланбайды. Үйде біз балалардың айпадпен отыру уақытына шектеу қоямыз», деген жауап алыпты. Мұндай жауапты, әрине, журналист мүлде күтпеген болатын. Ол Джобстың үйі алып сенсорлық экрандарға толы, ал айпадтарды келген қонақтарға конфетше үлестіреді деп ойлаған болса керек.
Жалпы, өзімізге мәлім болған мәліметтерге қарағанда, технологиялық компаниялардың көптеген басшылары мен Кремний жазығының кәсіпкерлері өз балаларының компьютер, смартфон, планшет сияқты құралдармен әуестенуіне шектеу қояды екен. Ал Джобстың отбасында гаджеттерді түнгілік және демалыс күндері пайдалануға мүлде тыйым салыныпты. Соған қарағанда ІТ технологиямен айналысқан адамдар электронды құралдардың осы түрлеріне қатысты қарапайым жұртшылық ұға бермейтін бір құпияларды білетінге ұқсайды.
Сол сияқты, Wired-тің бұрынғы редакторы, бүгінде 3D Robotics-тің атқарушы директоры болып табылатын Крис Андерсен де өз отбасының гаджеттерді пайдалануына шектеу қойған. «Менің балаларым технологияның ықпалына тым алаңдаушылық білдіресіңдер деп мені және әйелімді кінәлайды. Өйткені, мен интернетпен шектен тыс айналысудың қауіпті екенін өзгелерден гөрі жақсырақ түсінемін. Мен өзімнің нендей проблемалармен ұшырасқанымды білемін, сондықтан балаларымда да дәл сондай проблемалардың туындағанын қаламаймын», деп түсіндірген ол өзінің іс-әрекетін. Сөйтсе ол «қауіпті» деу арқылы контенттердегі сәйкессіздіктерді, балалардың кейбір ересектер сияқты жаңа технологияларға тәуелді болып кетуін, қазақы тілмен айтқанда, салынып кетуін айтпақ болса керек.
Ал OutCast Agency компаниясының директоры өзінің бес жасар баласының жұмыс күндерінде гаджеттерді мүлде қолданбайтынын, 10 мен 13 жастағы былайғы екі баласының планшеттер мен компьютерді күніне 30 минут қана пайдаланатынын айтқан. Ол аз десеңіз, Blogger мен Twitter-дің негізін қалаушы Эван Уильямс та өзінің екі баласының ІТ технологиямен шұғылдануына шектеулер қоятынын, олардың күніне бір сағат қана айналысуларына мүмкіндік берілетінін, оның есесіне үйде жүздеген кітаптың бар екенін, оларды қалауынша оқуға рұқсат етілетінін айтқан. Бүгінде жаңа ғана тәй-тәй басқан балаларымызға дейін қолдарынан тастамайтын ұялы телефондар мен планшеттерге қатысты осы сала мамандарының ұстанымдары, міне, осындай.
Жүргізілген зерттеулер, әсіресе, он жасқа дейінгі балалардың жаңа технологияларға өте әуес келетінін және іс жүзінде соларға тәуелді болып шығатынын көрсетіп берген. Сондықтан да зерттеушілер балалар планшетпен күніне жарты сағат, смартфондармен екі сағаттан аспайтын уақыт қана айналысулары керек деп есептейді. Ал, 10-14 жастағы балалар болса, компьютердің алдына тек мектепте берілген тапсырмаларды орындау үшін ғана отыруы тиіс.
Осы орайда мына бір қызықты деректі келтіре кеткен де артық емес. Twitter-дің атқарушы директоры Дик Костоло өзінің жасөспірім балаларына гаджеттерді тек қонақ бөлмеде ғана пайдаланып, жатын бөлмеге әкелуге рұқсат етпейді екен.
Жалпы, Батыста, оның ішінде әсіресе Америкада ІТ технологиялармен әуестенуге тыйым салу барған сайын күш алып келе жатқан көрінеді. Кейбір ата-аналар өз жеткіншектерінің әлеуметтік желілерге кіруіне де рұқсат етпейді екен. Өйткені, олардың пайымдауларынша, жас кезде интернеттен алған «теріс» тәрбиенің өскенде олардың өмірлеріне елеулі нұқсан келтіруі мүмкін.
Ғалымдардың айтуларына қарағанда, бала 14 жасқа толғанда технологияларды пайдалануға қойылатын шектеулердің бәрін де алып тастауға болады.
Стив Джобс туралы кітаптың авторы оның балаларының гаджеттермен шұғылдануына тыйым сала отырып, олармен кітап туралы, тарих туралы әңгімелесуге көбірек уақыт бөлгенін айтады. Соның арқасында Джобстың балалары интернетке мүлде тәуелді болмай өскен.
Ал біздің балаларымыз ше?..
Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылуы мүмкін бе?
Білім • Бүгін, 17:03
Еліміздің солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Экономика • Бүгін, 16:42
Докторантураға түсу емтихандары басталды
Білім • Бүгін, 16:31
Павлодар облысында алимент төлемей жүрген 270 адам іздестірілуде
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Педагог мамандығында оқып жүргендердің тәжірибеден өту тәртібі өзгереді
Білім • Бүгін, 16:15
Жеңілдетілген лизингпен алғашқы ауыл шаруашылығы техникасы беріледі
Қоғам • Бүгін, 16:07
Қазақстанда мектептегі оқу жылы 2 аптаға ұзарды
Білім • Бүгін, 16:00
Жыл басынан бері 4,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 15:52
Өскеменде 29 жастағы жігіт Ертіс өзеніне батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47
Тайтөбедегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 15:33
Қазақстандық жазушылардың детектив шығармалары бір кітапқа топтастырылады
Қазақстан • Бүгін, 15:25
Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға айыппұл мөлшері артады
Үкімет • Бүгін, 15:16
«Баланы мектепке жинайық» акциясы басталды
Қоғам • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Ядролық медицина орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:00
Қазақстанда ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады
Білім • Бүгін, 14:57
Алматы қалалық соты неге қоршалғаны белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Қызылорда облысында жолаушыдан 154 келі балық тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:45
Ресейден заңсыз әкелінген алкоголь өнімдері тәркіленді
Қазақстан • Бүгін, 14:39
Елордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:30
Петропавлдағы қалалық сотқа «бомба» қойылды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Жалған дипломмен лауазымды қызметке орналасқандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 14:10
Солтүстік өңірлерде қант қымбаттады
Аймақтар • Бүгін, 14:01
«Қарасора» 607 қылмыстың бетін ашты
Қоғам • Бүгін, 13:40
Экономика • Бүгін, 13:23
Есірткі жарнамалаған 1,6 мыңнан астам сайт бұғатталды
Қоғам • Бүгін, 13:01
Киікті атқан Ақмола тұрғынына қатысты іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Нұр-Сұлтанда «Арқар» көпіріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Елорда • Бүгін, 12:42
Қостанайлық көлік жүргізуші қала орталығының астаң-кестеңін шығарды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Елімізде 12 мыңға жуық интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:28
Қазақстандықтар өз еркімен 1,3 мың атыс қаруын тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:18
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:10
Елордада жаңа мектеп пайдалануға беріледі
Білім • Бүгін, 12:04
Қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Қаржы • Бүгін, 11:52
Жамбыл облысында тексеру комиссиясының төрағасы сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 11:45
Өткен аптада елімізде 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 11:40
Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қосылды
Теннис • Бүгін, 11:32
Сүңгуірлер Жайыққа батып кеткен баланың денесін іздестіріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 11:22
Еуропалықтар суды үнемдей бастады
Әлем • Бүгін, 11:15
Ақмола облысында 650-ден астам адамды кене шаққан
Аймақтар • Бүгін, 11:01
Ұқсас жаңалықтар