Руханият • 26 Наурыз, 2021
Әбжанмен біз Алатаудың баурайындағы әсем Алматыда таныстық. Таныстық та табыстық. Көңіліміз жарасты ма, әлде мінезіміз үйлесті ме, әйтеуір арамызды жақындатар, кейін келе үлкен достыққа ұласар бір сырдың болғаны анық. Содан бері қырық жыл уақыт өтсе де, шүкір, сыйластық қарым-қатынасымыз әлі де сол баяғы қалпында. Әбекең – өзіне ғана тән тиянақты көзқарасы, анау-мынауға еліге қоймайтын берік ұстанымы бар азамат. Екінің біріне илікпейді. Мен де мінезсіз емеспін – айтарымды айтып тастап қарап отыратын әдетім бар. Бірақ ол да екеуміздің достығымызға дақ түсіре алған жоқ.
Қазақстан • 12 Шілде, 2019
Қайғысыз қара суға семірер немесе біз қандай әлемде өмір сүріп жатырмыз?
Халық арасында «тарих қайталанады» деген бір ұлағатты сөз бар. Бұл айтылғанның ақиқаттығына ешкім күмән келтіре қоймаса керек. Өкініштісі, жақсылықтардан гөрі жамандықтар жиірек қайталанатынға ұқсайды.
Руханият • 03 Маусым, 2019
Халық арасына тараған кейбір әңгімелерге қарағанда еліміздің бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің «қонаққа барған жерден сарқыт алмаңыздар, жұқпалы аурулар тарауы мүмкін» деген ескертуі біздің біраз ағайынға ұнамай қалғанға ұқсайды. Егер ХХІ ғасырда полиэтилен қалтаға салып бір үйден екінші үйге ет, конфет-печенье тасып жүремін дейтіндер болса өз еріктері, оларға қой дейін деп жатқан біз жоқ, қой дегенімізбен сөз тыңдайтын тағы олар жоқ. Сондықтан біздің айтпағымыз басқа.
Руханият • 17 Мамыр, 2019
Біздің буын өкілдерінің жастық шағы тамаша бір кезеңге тап келді. Біз таза ауамен тыныстадық, экологиялық тұрғыда таза тамақ іштік, білім мен медицина тегін болды, нағыз ақындар мен жазушылардың шығармаларын оқып, нағыз әншілердің әндерін тыңдадық. Және ол кезде әншілер әнді қазіргідей фонограммамен емес, жанды дауыспен мейлінше табиғи түрде орындайтын.
Руханият • 16 Мамыр, 2019
Байқаймын, бізде қандай да бір нақты іс атқарудан гөрі уәде беру көп. Жоғары лауазымды шенеуніктер халық алдында есеп берсе де, жиналыста сөз сөйлесе де біз ана жұмысты қолға алғалы жатырмыз, мына жұмысты қолға алғалы жатырмыз деп уәдеге қарық қылады. Кейде тіпті ана шаруаны енді екі жылдан кейін, ал мына шаруаны үш жылдан кейін бастайтын боламыз дейтіндер де жоқ емес.
Қоғам • 25 Сәуір, 2019
Sońǵy jyldary orys tilin qoldaı bermeıtinder qatary kóbeıdi. Biri ana tilimizdiń órisiniń tarylyp qalýyn osydan kórse, endi biri orys tilin mektepterde oqytýdy toqtatý kerek dep jatyr. Halyqaralyq til sanalatyn aǵylshyn tilin múıizdeýshiler de barshylyq.
Руханият • 16 Сәуір, 2019
Әр халықтың өзіне тән ерекшеліктері болады. Ондай ерекшелік бізде де бар. Ол – қазақтың бойына біткен әншілік. Әлде Алланың берген сыйы ма, әлде кең-байтақ далада өмір сүргендіктен ештеңеден қысылып-қымтырылмай дауысын еркін жіберіп дағдыланғанының арқасы ма, әйтеуір біздің ұлтымыздың әндері әуезді, кең тынысты болып келеді. Ондай ғажап әндерді өмірге келтірген адам оларды нақышына келтіріп орындай да білуі тиіс. Сондықтан да қазақ ұлты басқа-басқа, нағыз әншіге ешқашан кенде болған емес.
Қоғам • 15 Сәуір, 2019
Республикалық телеарналардың бірі таяуда ғана өз жаңалықтарында көрсеткендей, еліміздің оңтүстік өңірінде ұрылар бір күнде бір үйдің үш бірдей малын сойып, ішек-қарнын ауылдың төңірегіне лақтырыпты да, етті алып кете барыпты. Әй дейтін әже, қой дейтін қожаның жоқ екенін білгеннен кейін әбден басынғандары бірден байқалады. Бала-шағасына нәпақа қылып отырған малдарынан айырылып, отбасы қалды зар қағып. Құқық қорғау органдарына арызымызды айттық, бірақ одан үміт күтіп отырған жоқпыз, өйткені бұған дейін де мал ұрлағандар таптырмай кеткен, дейді ашынған ауыл тұрғындары. Ауылдықтардың негізінен малмен күн көріп отырғаны белгілі. Маңдай термен өсірген төрт түлігі қолды бола беретін болса олардың жағдайлары не болмақ?
Руханият • 02 Сәуір, 2019
Қанапия Мырзағожиннің есін енді біле бастаған балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Ол аздай жасы онға толғанда сүзектен әкесі мен шешесі бірдей қайтып тұл жетім атанды. Дегенмен, ол бір «өкімет өлтірмейді» деп халықтың мемлекетке арқа сүйеп дағдылана бастаған уақыты болатын. Ақыры солай болды да. Әке мен шешеден айырылған соң әкесінің туған ағасының кемпірінің қолында тәрбиеленген Қақаң интернатта жатып оқып, 1952 жылы Семиозер (қазіргі Әулиекөл) орта мектебін бітіріп шықты.
• 27 Наурыз, 2019
Jarnama týraly buryndary da bir maqala jazǵan bolatynbyz. Biraq ol joly biz reseılik jáne qazaqstandyq telearnalardyń jarnamany tym uzaq kórsetetinin, onyń kórermender úshin qolaısyzdyq týdyratynyn, osy máselege qatysty Eýropa odaǵynda arnaıy zań bar ekenin, ol boıynsha kórsetilip jatqan habardy jarnama úshin 20-30 sekýndtan artyq ýaqytqa úzýge bolmaıtynyn baıandaǵan edik. Sonda aıtylǵan sózderden belgili bir nátıje shyqqan joq. «Baıaǵy jartas – bir jartas», bári de ózgerissiz sol kúıinde qaldy. Qaıta sońǵy jyldary jarnamanyń ýaqyty burynǵydan da uzara túsken sıaqty.