• 11 Маусым, 2018
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы неде екенін білу үшін адамзаттың бас қатырғанына да талай жылдардың жүзі болды. Осы мәселеге қатысты айтылатын ақыл-кеңестер де өте көп.
• 11 Мамыр, 2018
Қатарынан келетін үш-төрт күндік демалысы бар мерекенің қарсаңы болатын. Ойда жоқта кездесіп шүйіркелесе кеткен бір танысымнан дағдылы әдетпен алда бірнеше күн демалыс келе жатыр, не бітірейін деп жатсың деп сұрай салдым. Шынын айтсам, оның не бітіретіні мені онша қызықтырып та тұрған жоқ, әншейін, әңгімені бірдеңеден бастау керек болған соң қойыла салған сұрақ болатын. Е-е, не істеуші едік. Демалысты пайдаланып ұйқыны бір қандырамыз да деп жауап қайтарды әлгі танысым. Немене, сонда төрт күн бойы ұйықтай бересің бе деп мен де қарап тұрмай қазбалай түстім. Бұл да енді әңгімені соза түсудің амалы. Жоға-а, деді жаңағы танысым, төрт күн бойы ұйықтап не көрініпті. Түске дейін ұйықтасақ та жетеді ғой. Түс ауа, уақыт болса, базар, дүкен аралап қайтатын шығармыз. Үйге керек-жарақтар алуымыз керек қой...
• 05 Мамыр, 2018
Соңғы жылдары тепсе темір үзетін жастарымыздың арасында «сал-серілер» тым көбейіп кетті десек, күнделікті теледидар қарап жүрген жұртшылық бұл пікірімізге еш қарсылық білдіре қоймас деп ойлаймыз. Солардың бәрі бірдей көмекейлері бүлкілдеген әншілер болса арман жоқ қой.
• 24 Сәуір, 2018
Жақында Астананың ірі азық-түлік дүкенін аралап жүріп бір қыздың атағы бүкіл Қазақстанға танымал мүйізі қарағайдай компанияның сүтін іздеп таба алмай, ол неге жоқ деп жағалай сұрап жүргенін көріп қалдым.
• 20 Сәуір, 2018
Ауылдарды сақтаудың амалы қайсы?
Ауыл халқы азайып барады. Неге? Ешкімге ештеңенің керегі жоқ болып кеткен бүгінгідей заманда ол жағын ойлап бас қатырып жатқан да бірде-бір жан жоқ. Бар айтатын уәждері – урбанизация. Бір есептен ол да дұрыс шығар. Қалаларға қарай жақындаса ауыл қазақтары да өркениетті өмірге араласады, өзгелермен бірге қазіргі заманның игіліктеріне ортақтасады. Бірақ...
Қоғам • 02 Сәуір, 2018
«Көп қорқытады, терең батырады», «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дейді қазақ. Бұл айтылғандардың бәрі егер қандай да болмасын халық саны жағынан неғұрлым көбірек болса, одан оның ұтылмайтынын, керісінше оның өзі сол ұлттың белгілі бір дәрежеде табысқа жетуіне ықпал ететінін білдіреді.
• 21 Наурыз, 2018
Расымен де осы біздің жұмысымыз қалай? Маңдайтерді сыпырып, өз болашағымыз үшін қажырлы еңбек ете алып жүрміз бе?
• 16 Ақпан, 2018
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады» дейді халық мақалы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үлкен ұлағат жатқанына шек келтірудің өзі күнә.
• 31 Қаңтар, 2018
Шынын айтсақ, кейде біздің кейбір ағайындарымыздың бірқатар мәселелерге қатысты ойлау қабілеттеріне, көзқарастарына таңғалуға тура келеді. Осы біздің өмір туралы түсінігіміз қаншалықты дұрыс, ой-пайымдарымыз уақыттың қазіргі ағымымен қаншалықты үйлеседі деген күмәнді сауалдың ара-тұра болса да туындап жататыны да сірә, сондықтан болса керек.
• 08 Желтоқсан, 2017
Ертеректе ел жаққа барғанымда бір жолдас жігіттің үйінде болғаным бар. Сонда әлгі жолдасым әңгіме арасында өзінің талай жыл қоңсы тұрып келе жатқан көршісіне деген ренішін айтты. Мәселе қалай болған дейсіздер ғой.