Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ
Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ«Egemen Qazaqstan»
41 материал табылды

16 Қараша, 2017

Тілде буын жоқ...

Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгі­ме­­ні көп айтамыз. Тіл безеп. Ше­шенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұра­мыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз ба­тырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..

19 Қазан, 2017

Ұялы байланыс: ұтқан кім, ұтылған кім?

Бүгінде ұялы телефонды пайдалан­байтын адам кемде-кем. Олай болса осынау ертелі-кеш қолымыздан тастамай «рахатын» көріп жүрген игілік үшін кімдерге қанша ақша санап береді екенбіз?  

26 Қыркүйек, 2017

Балалы елдің бәрі бірдей базар ма?

Халқымыз «Балалы үй – базар» де­йді. Ол баласы бар үй­дің ойы­нға, у-шуға толы болаты­нын біл­ді­реді. Ал қызыққа толы ойын, сың­ғыр­­лаған күлкі бар жерде – ба­қыт­ты ба­лалық шақ бар.

25 Тамыз, 2017

 «Әләуләй» мен «хәләуләй»

Баяғыда әннен де, өлеңнен де хабары жоқ біреу не құлаққа жағымды әуезі, не адам түсінетін сөзі жоқ бір­­де­­ме­лерді  айтып жұрттың мазасын ала беріпті. Әбден мезі болған халық мынаның әләуләйі қашан тау­сылады өзі деп шыдамсыздық таны­та бастаса керек. Сөйтсе, әл­гі қас­қа «Әләуләйім таусылса, хәләу­­ләйім тағы бар» деп одан әрі жал­ғас­тырған екен. Алланың әмі­рі­мен «ұялмаған әнші болады, ерін­беген етікші болады» дейтін сол за­ман қайта айналып келді. Сен­бей­сіздер ме? Сенбесеңіздер мінеки, мы­салыңыз.

14 Тамыз, 2017

Алдыңғы арба қайда жүрсе...

Сонау 80-ші жылдардың басында, жасым әлі отызға да жете қоймаған кез, ауылымыздағы Ғалым есімді үлкен кісімен бірге көрші кеңшарға баратын болдық. Автомашина рөлінде жаңағы кісінің баласы. Оның да жасы менімен қатарлас, жолдас жігіт. Көлікке отырар шақта мен өз «мәртебемді» білгендіктен артқы орындыққа қарай ұмтыла берген болатынмын. Жаңағы кісінің қатқылдау шыққан үні мені кілт тоқтатты. «Алдына отыр! Сендердің болашақтарың әлі алда, шегіншектемей, ілгері қарай талпыныңдар. Біз сияқты шалдарға осы жер де жарайды», деп өзі автомобильдің артқы есігінен еніп, екінші қатардағы отырғышқа жайғасты. Өзін шалдардың қатарына қосып отырған кісінің жасы ол уақыттары әлі алпысқа да жете қоймаған болатын.

01 Тамыз, 2017

Шындық жоқ жерде...

Бұрындары біреулердің қажыр­лы­лықпен тындырып тастаған бір ісін көргенде немесе  көп алдында қас­­қайып тұрып айтып салған қа­ра қыл­­ды қақ жаратындай батыл сө­зін естігенде «Әй, азамат екен, нағ­ыз жі­гіт екен!» деп жапа-тармағай ри­за­шы­лық білдіріп, таңдай қағып таң­қал­ғандай болып жатушы едік.

25 Шілде, 2017

Ток-шоу деген жақсы-ау...

Соңғы жылдары түрлі телеарналарда ток-шоулар көптеп пайда бола бас-тады. Олардың арасында көрермендер ықы­ласына бөленіп, өзіндік сыр-си­па­­тымен ерекшеленетіндері де жоқ емес. Мәселен, Бейсен Құранбек, Аман Та­сыған сияқты журналистер жүргізіп ке­ле жатқан ток-шоулар көпшілік көңі­лінен шығып жүр. Дегенмен, бірқатар ток-шоуларда көтерілген мәселелерді тал­қылау барысында «бір қайнауы ішінде» кетіп жататын жағдайлар да кездесіп қалып тұрады. Ондай жайттар кейбір журналист әріптестеріміздің теледидар арқылы қозғағалы отырған та­қырыпты жан-жақты зерттеп, мәселеге тереңірек үңілмеуінің салдарынан орын алатын сияқты. Екіншіден, қазақ тілді ток-шоуларда көбіне жастар пікір айтып жатады. Тіршілікте болып тұратын, тәжірибелі деген үлкендердің өзі кейде шешімін табуда қиналып қалатын сан-қилы жағдайлар туралы өмірге енді ғана қадам жасай бастаған адамдардың ой-пікірлер айтуы қаншалықты дұрыс деген күмән да осындайда туындайды.

19 Шілде, 2017

Бизнес және біздің іс

Жақында бір фирмаға жиһаз жасау жөнінде тапсырыс бердім. Обалы не керек, тапсырысымды сөз айтпастан қабылдап, ақшамды да қағып алды. Сөйтті де, күтіңіз, үш күннен кейін дайын болады деді. Риза болып мен кеттім. Арада үш күн өткенде телефоным шыр ете қалды. Баяғы өзім тапсырыс берген фир­ма екен. «Кешіріңіз, жұмыс көбейіп кет­кендіктен сіздің тапсырысыңызды уа­қытында орындай алмайтын болып отырмыз. 

18 Қаңтар, 2017

Балаға гаджет қаншалықты қажет?..

Бүгінде телефонсыз, әсіресе, ішінде не керегіңнің бәрі бар смартфондар мен планшеттерсіз өмірді көзге елестетудің өзі қиынға айналып бара жатқан сияқты. Керек десеңіз, телефон қазіргі уақытта байланыс құралы ғана емес, сонымен бірге, жаңалықтарды жеткізетін ақпарат көзінің, тіпті уақыт өткізетін «ойыншықтың» да рөлін атқара бастады.