23 Ақпан, 2017

Қалауың қандай, жас өрен?

381 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мамандық таңдау – өмір жолдарын енді ғана бастағалы отырған жас­тар үшін аса жауапты міндеттердің бі­рі. Өйткені, ол адамның бүкіл бо­ла­ша­ғын айқындайды. Қандай жұмыс іс­тей­сің, қанша табыс табасың, қо­ғам­ға, сонымен бірге, өзіңе де тигізер па­й­даң қандай – осылардың бәрі түп­теп келгенде, әркімнің таңдаған ма­мандығына тікелей байланысты бол­мақ. Шындыққа жүгінсек, әзірге жас­та­рымыздың бәрі бірдей дәл қазіргі таң­да өзінің алдағы өміріне қажетті ма­мандықты таңдау ісіне үлкен жау­ап­кершілікпен келіп жүр деген пікірді бе­рік сеніммен айта алмаймыз. Оған көп­те­ген мектеп бітірушілердің негізінен алған­да заңгер, экономист сияқты ма­ман­дықтарға ұмтылуының әлі де болса азаймай отырғаны дәлел. Бұл ретте мәселені көбіне-көп олардың ата-аналарының көзқарастары мен ақыл-кеңестерінің шешіп кетіп жататынын да баршаға белгілі жайт. Жас кезімізде кейбір үлкен кісілердің балам өскенде прокурор болады деген сияқты мақтаныш сөздерін естіп қалатынбыз. Бүгінгі өмір шындығына көз сала отырып, сол дағдының әлі күнге дейін қыр соңымыздан қалмай келе жатқанын байқағандай боласың. Олай болса, ақпараттық технология­лар барынша жетілген, заман талабы жыл санап емес, ай санап дерлік өзгеріп жатқан ХХІ ғасырда жеткіншектеріміз үшін қандай мамандықтар тиімді бол­мақ? Әлем елдерін түгелдей дер­лік шар­­пып, жиі қайталанатын дағ­да­рыс­та­­ры­нан жаппай жайлаған жұ­мыс­сыз­ды­ғы еш қалыспайтын мына нарық за­манында жастарымыздың қандай кә­сіп­ті меңгергені жөн? Дүниежүзілік экономикалық фо­ру­­м­ның есептеулері бойынша, бү­гін­де маңызды болып саналатын құ­зы­рет­тіліктердің 35 пайызы енді бес жылдан кейін толықтай өзгеріске ұшырайтын көрінеді. Айталық, бір­қа­тар мамандықтардың мазмұны мен сапасы трансформацияға ұшыраса, кейбір мамандықтар толықтай жойылып кетпек. Сөйтіп, олардың орнына мүлде жаңа мамандықтар пайда бол­мақ­шы. Ондай өзгерістердің өмірі­міз­дің көптеген салаларын қамтитыны да белгілі болып отыр. Сонда қайтпек ке­рек? Ондай тұйықтан шығар жол бі­реу – адамдар алда келе жатқан өзге­ріс­терге дайын болуы тиіс. Кейбір дереккөздерге қарағанда, көр­шіміз Ресейде қазірдің өзінде жа­ңа кәсіптердің атласы әзірленіпті. Соған сәйкес, көп ұзамай молекулалық диет­олог, «жанды жүйелер» архитек­то­ры, киберпротездер жасаушы, ГМО-агроном, энергия жүйелерінің ди­зайнері, интеллектуалды энергия желілерінің инженері, «ақылды жол­дар» салушылар, ғарыштық туризм менеджері, ғарыш жолдарының инженері, роботтарды басқаратын нейроинтерфейстерді жобалаушы, интеллектуалды меншіктерді бағалаушы, элек­тронды киім-кешек рецептілерін жо­балаушы, ойлау продюсері деген сияқ­ты көптеген жаңа мамандықтар пайда болмақ. Бір қызығы, жоғарыда аталған ма­ман­дықтардың бірқатарына қа­зір­дің өзінде сұраныс бола бас­та­ған кө­­рінеді. Осының өзі-ақ біз­дер осы уа­қыттарға дейін оқып кел­ген бағ­дар­ламалардың ескіруге ай­на­л­ға­нын көр­сететін сыңайлы. Жап­пай авто­мат­тандырудың өндіріске енгі­зі­лу­іне бай­ланысты алдағы 25 жылда дамыған ел­дердегі жұмыссыздық көрсеткіші 47 пайыз­ға дейін жетеді деген де болжам бар. Ендеше, ерте бастан қамданған адам­ның ғана келешекте жұмыссыздар қа­та­рын толықтырмасы анық. Осы орайда мынадай бір қызғы­лық­ты деректі келтіре кеткен артық емес сияқты. Жоғарыда айтып өткен­і­міз­дей, өн­дірісті жаппай роботтандыру адам­дар арасындағы жұмыссыздық көр­сет­кішінің өсуіне бірден-бір себепкер бо­лып отыр. Осыған орай Майкрософт фир­масының негізін қалаушы атышулы миллиардер Билл Гейтс роботтарға сал­ық салу жөнінде ұсыныс айтқан. Оның пайымдауынша, роботтар үшін табыс салығы мен пайдаға салынатын салықтардың болмауы машиналарға адамдар алдына әділетсіз түрде ар­тық­­шылықтар береді. Сондықтан да, адам еңбегінің механикалық ең­бек­пен ал­мас­тырылуының асқан ша­пш­аң­дықпен жү­ру­іне алаңдаушылық біл­дір­ген ол бұл процесті салық саясаты ар­қылы реттеу орынды болмақ деп есеп­тейді. Әрине, салықтың жансыз робот­қа емес, сондай техниканы пайда­ла­на­тын компанияларға салынатыны айт­паса да түсінікті болуы тиіс. Қалайсың ба, қаламайсың ба, бұл – өзі­­міз өмір сүріп отырған ғасырдың бү­­гінгі таңдағы шынайы бейнесі. Адам­­заттың күнкөрісі үшін ақша қа­же­т. Ал ол ақша тек еңбек ету ар­қылы ғана келеді. Еңбек ету үшін уа­­қыт сұранысына сәйкес келетін ма­мандығың болуы шарт. Бүкіл ғұ­мы­рыңды қамтамасыз ететіндей ма­мандық таңдай білудің өзектілігі де міне, дәл осында.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»