08 Қазан, 2010

Кәсіпкерлерді қолдау үшін

898 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Қазақстандағы шағын және орта бизнес жыл­дан-жылға күш алып келеді. Оған ар­­­­­найы қабылданған мемлекеттік бағдарла­ма­лар негіз болса, банктер тарапынан жүргізі­ле­тін қаржыландыру тетіктерінің де зор ық­палы бар. АТФБанк үшін шағын және орта бизнес саласы кәсіпкерлеріне қолдау көрсету басымды бағыттардың бірі болып саналады. АТФБанк шағын және орта бизнес кә­сіп­керлері үшін тиімді және бүгінгі заман­ның озық қызмет түрлерін құру және өндіріске енгізу бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді. Биылғы жылдың жазында АТФБанк түбірімен жаңа қызмет түрі – шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін ай сайын бір рет комиссия төлемін жүргізетін банк қыз­меттерінің пакетін жұмысқа қосты. Бұл қыз­мет түрлері өнімінің мақсаты – қара­пайымдылық, біздің клиенттердің уақытын үнемдеу және қаржыларын басқарудың тиімділігін арттыру. Банктің арнайы кәсіби кеңесшілері кәсіпкерлерге, әрбір клиенттің талабына барынша жауап беретін пакетті таңдап алуға көмектеседі. Бұл мынандай пакеттер: “Кәсіпкер”, “Коммерсант”, “Бизнес” және “Бизнес Премиум”. Шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін бұл па­кет­тер өте тиімді. Себебі, банк қызметтерін жеке-жеке тұтынғаннан гөрі пакетке топ­талған қызмет түрлері барынша қолайлы болып табылады. Оның үстіне клиенттер пакетке кіретін қызмет түрлері үшін банкпен бір-ақ рет келісім-шарт жасайды. Пакет үшін төлемдер клиенттің ағымдағы есеп шотынан ай сайын алынып отырады. Пакет қызметі топтамаларын сатып алған кәсіпкер АТФБанк және Еуропа мен ТМД мемле­кеттеріндегі UnіCredіt Group бан­коматтар жүйесінен тегін қолма-қол ақша алатын тө­лем карточкаларына ие болады. Сонымен бір­ге “Банк-Офис” немесе “MultіCash@SmartOffіce” электрондық банк жүйелеріне тегін қосылады. Бұл клиенттерге өздерінің банктегі есеп шоттарына интернет арқылы тиімді қосылып, банктің жұмыс кестесіне қарамастан тәуліктің 24 сағатында операциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Банк тарапынан клиенттердің есеп шо­тындағы қалған қаржыға сыйақы есептеледі. Бұл заңды тұлғалар жеке кәсіпкерлерге ар­налған пакеттерге енгізілген жеңілдік­тердің бір парасы ғана. “Біздің клиенттердің – шағын және орта бизнес иелерінің сұранысын түсіне отырып, олар үшін қолайлы, ең бастысы пайдалы да тиімді қызмет өнімдерін көрсету үшін барлық жағдайды жасадық. Осының нәтижесінде біз қажетті банк өнімдері мен операциялық қызмет түрлері топтастырылған бірнеше пакет түрлерін белгіледік. Бұл пакеттер банктің тұрақты және жаңа клиенттеріне арналады. Қазіргі уақытта мұндай банктік өнім тек АТФБанкке ғана тиесілі болып отыр. Шағын және орта бизнес кәсіпкерлері бұл қызмет түрлері жөніндегі толық ақпа­раттарды Қазақстанның барлық өңірлерінде орналасқан банк бөлімшелеріндегі, ал бұл дегеніміз ­– еліміздің 17 қаласындағы 120 сату нүктелеріндегі қанатын кеңге жайған жүйе­міздегі кеңесшілерден алуына болады”, – дейді “АТФБанк” АҚ басқармасының мүшесі, басқарушы директор Иван Радойчич. Шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне қол­дау көрсету мақсатында банк тарапынан олар­ды қаржыландыру ерекше басымдыққа ие болған бағыт болып табылады. АТФБанк­­тің несие беру бағдарламасы бірінші кезекте банктің тұрақты да әлеуетті клиенттері бо­лып табылатын шағын және орта бизнес субъек­­­тілерін қаржылық қолдауға негізделген. Бүгінде банк өзінің клиенттеріне “ай­ны­малы” және тұрақты сыйақы ставкасы бой­ынша несиелерді ұсынады. Заңды тұл­ға­ларға арналған “айнымалы сыйақы став­касына” негізделген несие бағдарламасы шағын және орта бизнес субъектілеріне несие бойынша ағымдағы сыйақы став­ка­ларын төмендету арқылы елеулі мөлшерде қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Өйткені сыйақы ставка­лары KazPrіme-3 индика­то­рына, яғни ақшаның рыноктық құнына не­гізделген. KazPrіme-3 индикаторының өсімі 2,00 пайыз болған жағдайда несие теңгемен жылына 12 пайыз сыйақы ставкасымен (тиімді ставка жылына 15 пайыз) беріледі. Мұндай бағ­дар­лама валюта нарығындағы тұ­рақсыздық жә­не девальвация кезінде бо­ла­тын болжаусыз шығындардың тәуекелін мейлінше азайтады. “Сонымен бірге бағдарламаның Қазақстан және Еуропаның қаржылық рыногындағы ресурстардың өзіндік құнына тікелей тәуелді сыйақы ставкаларының көлеміне байланысты болатын бірқатар артықшылықтары бар, - дейді Иван Радойчич. – Міне осыған бай­ланысты біз несие алушыларға халықаралық стандарттарға толық жауап беретін қаржылық құралдарды ұсынамыз”. Бастапқы деңгейі жылына 14 пайыз сыйақы ставкасына (тиімді жылдық ставка 17 пайыз) негізделген тұрақты сыйақы ставкасы бойынша несиелеу бағдарламасы шағын және орта бизнес субъектілері бо­лып табылатын заңды тұлғаларға және же­ке кәсіпкерлерге арналған. Несиелендіру банк­­­тің өз қаражаттары есебінен кәсіп­кер­лердің кез келген бизнес-мақсаттарына жүргізіледі. Осы жерде АТФБанктің UnіCredіt атты ірі халықаралық топтың құрамдас бөлімі екендігін ерекше айта кету керек. Сон­дық­тан ол өзінің клиенттеріне бүгінгі өскелең заман талаптарына жауап беретін қызмет өнімдері мен түрлерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге оларға жоғары сапалық қызмет түрлерін ұсынады. Әрбір клиентке банктік қызмет түрлері мен өнімдері бой­ынша білікті кеңес беретін дербес кеңесші бекітілген. Бұл банк бөлімшелеріне келетін әрбір клиенттің уақытын үнемдеуге және көңіл-күйінің көтеріңкі болуына ерекше ық­пал етеді. Банк алдағы уақытта да өз кли­ент­теріне тиімді әрі сапалы қызмет көрсету түр­лерін жетілдіре беру мақсатында қолдан келгеннің бәрін жасай береді. Азалия ТАИРОВА.