08 Қазан, 2010

ЕКПА Төрағасымен кездесті

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Страсбург қаласында (Франция) Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) сессиясы аясында Парламент Сенаты Төрағасының орын­ба­сары Александр Судьин бастаған Қазақстанның пар­ламенттік делегациясы ЕКПА Төрағасы М.Чавушоғ­лымен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Пар­ламенті мен ЕКПА арасындағы өзара іс-қимылдың қар­қындылығын атап өте келіп, парламенттік үн­қатысу институттары арасындағы ынтымақтас­тықты одан әрі нығайту жайын сөз етті.