08 Қазан, 2010

Сербия президентімен кездесті

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Сербия Республикасының Президенті Борис Тадич Пар­ла­мент­ке келді. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұха­мед­жа­нов мәртебелі мейманмен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастық байланыстың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Мәжіліс Төрағасы екі ел Пре­зи­денттерінің кездесулері қос мем­лекеттің саяси және сауда-эконо­ми­калық, гуманитарлық саладағы қарым-қатынастардың жандануына серпін беретінін атап өтті. “Астана қаласында Сербия елшілігі ашы­латыны дипломатиялық қызметтің жедел жүргізілуіне ықпал ететін бо­ла­ды. Қазақстан Сербияны маңыз­ды экономикалық әріптес деп есеп­тейді”, – деді О.Мұха­мед­жанов. Тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіндегі басты ұста­ным­дар, Астанада желтоқсан айын­да өткелі тұрған ЕҚЫҰ-ның Сам­ми­ті туралы пікір алмасты. “Қа­зақ­стан – жедел қарқынмен дамып келе жатқан ел. Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуіміз жоғары деңгейде өтті. Осы сапардан алған әсерімді еліме, серіктестеріме жеткіземін. Мен Парламент ғимаратына үлкен ықыласпен келіп тұрмын. Өйткені, өзім де кезінде парламентші болғанмын. Және де өзіңізді Сербия еліне келуге шақырамын”, – деді Борис Тадич. Мәжіліс Төрағасы мәртебелі мей­манға еліміздің атына айтқан жылы лебізі үшін ризашылығын жеткізді. Сербия Республикасының Пре­зи­денті Мәжілістің құрметті қонақтар кітабына тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды.