Түнде Октябрь кенті мен Әулиекөл ауылының арасындағы автожолда Ақмола облысынан келе жатқан 174 жүк көлігі тұрып қалды. Жолда қалған көліктердің ішінде жолаушылар автобусы да бар.
Мысалы, Қырғызстаннан Ресейге бара жатқан автобуста 4 бала, 5 әйел, 42 ер адам болған. Полиция қызметкерлері жолаушыларды мектеп жанынан ашылған жылыту пунктіне орналастырып, ас-сумен, жатын орынмен қамтамасыз еткен.
«Блокпосттардағы жол қауіпсіздігін патрульдік полицейлер, ТЖД, «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері қамтамасыз етіп жатыр» деп мәлімдеді облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.