08 Қазан, 2010

Телехабарлар шалғай ауылдарға да жетеді

636 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Алдағы желтоқсан айынан бас­тап елімізде телеарналар тұңғыш рет спутниктік сандық желі бой­ынша көрсетілетін болады. Мұн­дай қол жеткен заманауи мүм­кін­дікті алғашқы болып қанатқақты жоба түрінде біздің облыс тұр­ғын­дары көре алады. Облыстың шалғайдағы аудан орталықтары мен ауылдарына отандық теле­ха­барларды жеткізетін озық үлгідегі байланысты тәжірибе жүзінде қолданысқа енгізуге орай екі жақ­ты серіктестік туралы мемо­ран­думға кеше, еліміздің әрбір облыс басшылары орынбасарларының қатысуымен өткен сандық теле­ха­бар тарату жөніндегі селекторлық кеңесте, облыс әкімі Бақытжан Са­ғынтаев пен Байланыс және ақ­парат министрі Асқар Жұмағалиев қол қойды. Облыс басшысы атап өткендей, бүгінде облыс тұрғын­да­ры негізінен “Қазақстан”, “Ха­бар”, “Ел арна”, “Евразия” теле­ар­наларын көреді. Ал, шалғайдағы ауылдарда отандық телеарналарды толықтай көре алмай отырғандар да бар. Сондықтан облыстың жал­пы саны 14 мыңға жуық тұрғыны өз еліміздің емес, Ресейдің теле­ха­барларына тәуелді. Және де об­лыстың 70-ке жуық ауылы қуаты әлсіз телеқұрыл­ғылар арқылы сапасыз телехабарлар көруде. Мұндай жағдай еліміздің басқа да өңірлерінде кездеседі. Сон­дық­тан осындай өзге елдің хабар­ла­ры­на телмірген ақпараттық тәуелді­ліктен құтылу мақсатында Елбасы тапсырмасы бойынша алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде спутниктік сандық жүйе негізінде телехабарлар тарату ісі жүзеге асырылады. Енді бұдан былай қала­лықтармен бірге, шалғайдағы ау­ыл­дар да спутниктік жүйе бой­ын­ша таратылатын хабарларды көре алады. Әзірге осы қанатқақты жо­ба бойынша алғаш рет 2 мың об­лыс тұрғыны жаңа желіге қосы­ла­ды деп күтілуде. Солардың ішінде 600 аз қамтамасыз етілген отба­сы­на арнайы құрылғылар облыстық бюджет есебінен тегін орнатып бе­ріледі. Осылайша, облыста алғаш рет сандық негізде “37+1” атты жо­ба жүзеге асады. Байланыс және ақпарат ми­нис­трі Асқар Жұмағалиевтің ай­туынша, сандық телеарна жалпы бұл салада бұрын-соңды болмаған зор мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Яғни, ел телеарналарын көруге асы­ғып отырған ауылдықтардың да жолы болады деген сөз. Бұл – бір. Екіншіден, бұл тек облыс тұр­ғындарына ғана емес, көршілес ел­дің шекаралас аудандарында тұ­ра­тын қазақтарға да үлкен игілікті іс болмақ. Облыспен көршілес Ом­бы, Новосібір облыстары мен Алтай өлкесін мекендейтін қа­зақ диаспорасы мұндай жақсы да жағымды жаңалықты күткелі қа­шан. Енді қандастарымыз да спут­ник бойынша таратылатын елі­міздің телехабарларын көре ала­­ды. Үшіншіден, сандық формат біз­­­дің облыстық телеарнаның да көрсету, хабар тарату мүмкіндігін кеңей­те­ді. Бұл уақытта жергілікті “Қа­зақ­стан-Павлодар” телеарна­сын ауыл­­дар тәулігіне бір сағат көретін болса, ал­дағы уақытта об­лыстық ар­наны 14 сағаттай көреді. Бұл мақсат “37+1” атты жобада толық ескерілген. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.