08 Қазан, 2010

Өрлеу өрнектері

482 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үс­тіміздегі жылы Қазақстан хал­қы­на арнаған “Жаңа онжылдық – жа­ңа экономикалық өрлеу–Қазақ­станның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдау­ын­­да ірі өндірісті дамытуға, жаңа индустриялық-инннова­ция­лық да­муды жүзеге асыруға ба­сым­дық бер­ген болатын. Қостанай об­лысында үстіміздегі жылдың ал­ғаш­­қы жар­ты­сында экономиканың әр саласында 6 инвестициялық жо­ба жүзеге асты. Соколов-Сарыбай кен өндіру бір­лестігіндегі металл про­каты зауыты, “Қарасу ет” ет өң­деу кешені, облыс­тағы заманауи құ­ралдармен жаб­дық­талған бірнеше сауын фермалары осының айғағы. Жыл аяғына дейін тағы да осындай бес жоба халық игілігіне айналмақ. Өңірдің эконо­микалық-әлеуметтік түлеуіне тікелей ықпал ететін инвестициялық жоба­лардың облыс қана емес, республи­калық маңызы да салмақты. Апта басында облысқа келген республикалық ақпараттық-нас­и­хат­тық топ сапарының аясында Индустрия және жаңа техно­ло­гия­лар вице-ми­нистрі Берік Камалиев еліміз эко­номикасын өрге сүйрей­тін ірі өндіріс және өнеркәсіп ор­ын­­дары қатарынан табылатын бір­неше кәсіпорында болды. “Өркен” ЖШС-ның Лисаков филиалы он­шақ­ты жыл­дан бері темір кенін ба­йы­тудың жа­ңа технология­сымен жұ­мыс істеп ке­леді. Кәсіпорын­ның жыл басы­нан бері өндірген өнім көлемі өт­кен жылдың осы мерзі­мі­мен салыс­тырғанда артпаса төмен­деген жоқ. Оның байытқан темір кені “Мит­тал Стил Теміртау” АҚ үшін бағалы ши­кізат болып отыр. “Өр­кенде” мың­нан аса лисаковтықтар жұмыс орнын тапқан. Мұнда жұ­мыс­шы­ларға әлеуметтік жақсы жағ­дай жасалған. Облыс өңірінде боксит өндіру өт­кен ғасырдың елуінші жылда­рынан басталған. Қазір “Қазақстан Аллюми­нийі” АҚ-тың бөлімшесі болып саналатын Краснооктябрь бок­сит кен басқармасы жұмыс си­па­­тын да, әдісін де жа­ңартқан. Со­ның арқасында өткен жылға қа­ра­ғанда тауарлы кен өн­діруді біршама арттырып отыр. Боксит кені Пав­ло­дар қаласындағы “Қа­зақстан Алю­минийі” АҚ-қа жеткізіліп, одан экономиканың түрлі саласына өте қажетті қалайы өндіріледі. Краснооктябрь боксит кен бас­қар­масының жөндеу-механикалық зауыты Лисаков қаласындағы ыр­ғақ­­­ты жұмыс істейтін кәсіпорын­ның бірінен саналады. Ірі өнді­ріс­тің жұмысы, тек қуатты техника­лар­ға негізделген. Осы орайда, даладағы кен қазу ісінің қадамы жөндеу-механикалық зауытындағы жұмыс­шы­лардың біліктілігіне ті­ке­лей бай­ланысты. Кен қазған қандай озық техникаң да сыр бермей, сынбай тұрмайды. Ал оларды уа­қ­тылы іске қосқанда ғана алыптың адымы жиілейді. Сонымен қатар, зауытта темір жол құрамалары, кен таситын электрлі мәшинелер жөн­де­ліп, қатарға қойылады, көзге кө­рін­бей тұрып-ақ іс тетігіне айна­ла­тын қосалқы бөлшектер дайын­да­лады. – Зауыт бүгінде лисаковтық­тар­дың нәпақасын тауып отырған береке, құтты орын, мұнда ең бі­лікті токарьлар, слесарьлар, дән­е­­кер­леушілер, механиктер және тағы басқа да техниканы тамаша мең­гер­ген мамандар жұмыс істейді. На­рықтың заңы солай, кәнігі маман­дардың арқасында ғана кәсіпорын бәсекенің алдына шығады,–дейді зауыт директоры Виктор Буданов. Ақшаңқан тартқан Лисаков қала­сының дәулетін де, сәулетін де ке­лістіріп тұрған кәсіпорынның бірі “АрайХолдинг” АҚ-тың аты бүгінде республикадан тыс жер­лер­ге де мәлім. “Алтын өмір” ЖШС осы холдингтің құрамына кіреді. Ал­когольді және ал­когольсіз су­сын­­дар өндіретін кәсіп­ор­ын са­па­ның биік белестерін бағын­­дыр­ды. Ол ИСО-9001, ИСО-14001, ИСО-22000 халықаралық сапа стан­дарт­тарына қол жеткізіп, сапа менед­ж­менті жүйесіне көшті. “Алтын өмір­дің” су­сындарын Қарағанды, Ақ­төбе, Сол­­түстік Қазақстан, Шы­ғыс Қазақ­стан, Ақмола облыстары және респуб­ли­камыздың басқа да аймақтары алады. Соңғы жылдары экономиканың өрлеуі, инвестициялық жобалар қатарының көбеюі арқасында қатар жатқан Лисаков, Рудный қала­ла­рының тынысы кеңейіп келеді. Ин­вестиция тартумен жұмысын бас­та­ған кәсіпорындар осы қалалардың әлеуметтік жағынан жақсаруына ық­пал етсе, сонымен қатар, базар сөре­лерінің молшылығын жасауды да өз иығына салған. Мысалы, Рудный қаласының іргесіндегі “Жас қанат-2006” құс фабрикасы үстіміздегі жыл­дың алғашқы жар­ты­сында өм­ірге жолдама алған ин­вес­тициялық жобаның бірі. За­ма­науи жабдық­тармен жабдықталған кәсіпорындағы жұмыстың барлығы дерлік автомат­тандырылған. Тауық­қа жем әзірлей­тін құралдардың өзі бір цех, тіпті шағын кәсіпорын мін­детін атқарады. Үлкен қаланы кәсіпорын жұмырт­қамен және құс етімен қамтамасыз етеді. Оның сыртында жүз қаралы рудныйлық жаңа технологиямен жұмыс істей­тін құс өсіруші болып шыға келді. Облыстың бір шалғайында жатқан екі қаланың экономикалық өрлеу өрнектері осындай. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. ҚОСТАНАЙ.