09 Қазан, 2010

Аймақтар инновацияны қалай дамыта алады?

759 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының көшпелі мәжілісі өтті. Батыс Қазақстан облысы әкім­­дігімен және аталмыш академия филиалымен бірлесе ұйымдастырылған басқосу 2010-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы өзекті мәселелер тақырыбына арналды. Республика Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаев инновациялық даму үрдісі мен оның жауапкершілігі ендігі жерде аймақтарға қарай ауа­тынын атап көрсеткен болатын. Осы тұрғыда көшпелі мәжілісте көтерілген бүгінгі заманғы озық тех­нологияларды кеңінен енгізу, инновациялық қызметті жандан­дыру жөніндегі жан-жақты еркін пікір алмасулар мен үнқатысулар оның басты жетістігі болып қалмақ. Аталмыш мәселеде ғылым мен тәжірибенің тұтастығы басты мәнге ие. Мұнда шешімін күтіп тұрған мәселелер де жеткілікті. Айталық, ҚР ҰҒА вице-президенті Амандық Төлешов инновациялық жобаларды ғылыми-технологиялық тұрғыдан қамтудың жай-күйіне тереңірек тоқталды. Бүгінде әлемнің білікті ғалым­дары күн, жылу, су және жел қуа­тын пайдаланудың соны тәсілдерін өндіріске енгізу жолдарын іздес­тіруде. Мұның өзі отандық ғалым­дар бұл мәселеде босқа жүр деген ұғым туғызбайды. Мысалы, Мем­ле­кеттік сыйлықтың иегері, академик Нәдір Нәдіров республикада жаң­ғыр­малы энер­ге­тика тақырыбын түбегейлі зерт­теп жүрген ғалым. Ол бүгінде осы технологияны өндіріске енгізу мә­с­елелерімен айналысуда. Сон­дық­тан да болса керек, Нәдір Кә­рім­ұлы­ның баяндамасы көшпелі мә­­жі­ліске қатысушылардың қай-қай­­сы­сын да селсоқ қалдыра алмады. Сондай-ақ инженер-ғалымдар­дың басқосуы кезінде республикада техникалық мамандар әзірлеу ісінің толғағы жеткен мәселелері де ке­ңінен талқыланды. Рас, жыл сайын жүзде­ген мамандар қолына диплом алып шығады. Алайда, озық тех­нология­ның қыр-сырын толық меңгерген, оны­мен жұмыс істей алатын ка­др­ларға деген сұраныс азаймай келеді. Отандық индустрияның дем бе­рушісі, қайнар көзі – инновация. Ал ол ғылым мен білімді дамытпай алға жылжи алмайды. Сондықтан да еліміздегі жоғары білім сапасы биік халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Тек сонда ғана инно­вациялық даму бағдарламасын іске асыруға қабілетті мамандар әзірлей аламыз. Адам ресурстары – оның басты кілттерінің бірі деп атап көр­сетті көшпелі мәжілісте Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техни­ка­лық университетінің ректоры, ака­демик Жексенбек Әділов. Мамандар әзірлеу дегеннен шы­­ғады. Орал қаласындағы Қазақ­стан инновациялық және теле­ком­муникациялық жүйелер уни­вер­ситеті еліміздің батыс аймақтарына ақпараттық жүйе, радио және те­лекоммуникация салаларына қа­тыс­­ты мамандар әзірлеп отырған жо­ғары оқу орны. Мәжілісте осы бі­л­ім ордасының басшысы Ақсерік Әй­тімов техникалық мамандар әзір­леудің инновациялық үлгілері әрі оны жүзеге асыру жолдары ту­ралы әңгімелеп берді. Мәжіліс де­пу­таты Виктор Киянский Пар­ла­мент қарауындағы техникалық рет­­теу, экология және ғылым тура­лы заңнама жобаларын талқылау ба­ры­­сында басқосуда айтылған ға­лым­­­дар пікірі ескерілетінін жеткізді. Түйіп айтқанда, Ұлттық инже­нерлік академия ұйымдастырған Оралдағы көшпелі кеңес өңірлерде өнеркәсіптің тамыр соғысын жақ­сартуға септігін тигізетініне сенгіміз келеді. Мұнда ортаға салынған озық инженерлік ойлар инновация­лық даму үрдістерінің тынысын ке­ңейте түсері кәміл. Сондай-ақ Оралда көшпелі мәжіліс шеңбе­рінде бірқатар жаңа ғылыми-инно­вациялық жұмыстардың тұсауы кесіліп, геологтар даңқы аллеясы аш­­ылды. Бұл республикадағы ос­ын­дай тұңғыш демалыс орны бо­­луымен ерекшеленеді. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.