09 Қазан, 2010

Жол салушылар қарымы

805 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астаналық “Жельдорстрой” ұжымы біраз жылдан бері мемлекетімізге басқа елдерден кіретін 6 дәліздің бірін салып жатыр. Бақты ауылынан басталған жол таспадай өріліп, қазір Үржар ауылының іргесіне таяды. – Биылғы жылдың мамыр айында бастаған болатынбыз. Жұмыс қызу жү­руде, 10 шақырымдай жолға қиыршық тас төселіп, тегістелді, 5 шақырымына ас­фальт жайылды, – деді учаске бас­тығы Қайыр­кен Мұқанов. – Жол са­лу­мен қатар, осы жол бойындағы кө­пір­лер де қайта са­лын­ды. Қарғын су жұ­лып әкете алмайды. Қазір жол салушы ұжымда 150 адам іс­тейді. Соның 40-тан астамы жергі­лік­ті тұрғындар. Биыл жол мердігері “Жельдор­строй” жауапкершілігі шектеулі се­рік­тестігі күре жолдың 16 шақырымын жөндеуден өткізіп, іске қоспақ. Осы жылға белгіленген учас­кені серіктестік қараша айының соңына дейін бітірмек. Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК, журналист. Шығыс Қазақстан облысы.