12 Қазан, 2010

“Электронды үкімет бастамалары” атты 5-ші дәстүрлі байқау

506 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Құрметті журналистер! Байланыс және ақпарат министрлігі “Электронды үкімет бастамалары” атты V Халықаралық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының электронды үкімет жұмысын насихаттаушы-журналистер арасында байқау жариялайды. ҚР электронды үкіметі бүгінгі таңда елі­міз­­­дің кез келген азаматына қол жетімді дең­гейде. 5 жылдық жұмыстың қорытындысы бой­­­ынша қазіргі уақытта мемлекеттік қыз­меттің кез келген түрін интернет арқылы алу­ға болады. “е-gov” жобасын дамыту үшін қа­зақ­стандықтар ақпараттық жаңашылдықты бел­сенді түрде пайдалануы керек. Бұл тех­но­логиялар мен ақпараттың тоғысқан жері. Ха­лық­қа ақпаратты жеткізу – журналистердің міндеті. Байқаудың мақсаты – Қазақстан Респуб­ли­касының электронды үкіметінің қалып­та­суы туралы дайындалған ең үздік ақпараттық-танымдық материал авторларын марапаттау. Байқау талаптары: - “Электронды үкімет” бағдарламасының не­­гізгі жобалары туралы жарияланған мақалалар - Тақырыптың өзектілігі мен оқырмандар үшін маңыздылығы - Тақырыпқа тың (креативті) көзқарас. - Материалда халықаралық тәжірибелер мен статистикалық дәйектемелердің болуы. - Мақалада келтірілген деректердің дәлдігі. - Ақпараттардың әр түрлі дерек көздерден алы­нуы. (халықаралық сарапшылар, элек­трон­ды үкіметті пайдаланушылар, мемлекеттік қызметкерлер, т.б.) - “Электронды үкімет” жұмысын насих­ат­тау барысында нормативтік-құқықтық актілерге сілтемелер жасау. - Байқауға ұсынылған материалдың қашан, қай басылымда жарық көргені немесе қай ар­на­­­дан берілгені туралы міндетті түрде сілтеме беру. Номинациялар: “Үздік телевизиялық ма­те­ри­ал”, “Үздік баспа материалы”, “Үздік интер­нет материалы”. Бәйге: Әр номинация жеңімпазына - Іpad Әділқазылар алқасы: - Асқар Жұмағалиев, Байланыс және ақпарат министрі. - Нұрлан Измайлов, “Зерде” АҚ басқар­­ма төрағасы. - Сауытбек Абдрахманов, “Егемен Қазақстан” АҚ президенті. - Ләззат Танысбай, “Қазақстан” РТРК” басқарма төрағасының бірінші орынбасары. - Александр Трухачев, “КТК” телеарна­сының тілшісі. - Светлана Антончева, “Казахстанская правда” газетінің тілшісі. - (2008, 2009 жж. “Үздік баспа материал­дары” номинациясының жеңімпазы), Қабылдану уақыты: 2010 жылдың 10 қарашасына дейін. Барлық жұмыстар mcі.gov@gmaіl.com электронды мекен-жайына “ҚР электронды үкіметінің жұмысы туралы дайындалған үздік материалдар конкурсына” деген атаумен қабылданады. Жіберілген материалдар туралы ҚР БАМ баспасөз қызметіне, тел.: 74-10-04 хабарла­уыңызды өтінемін.