16 Қазан, 2010

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

435 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Алматы, 2010 жылғы  16 қазан 2011 жылы Қазақстан Республикасында өтетін 7-ші Қысқы Азия ойындарына арналған ескерткіш монеталарды айналысқа шығару туралы “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының №2155 За­ңына сәйкес Қазақстан Республи­касының Ұлттық Банкі 2010 жылғы 16 қазанда 2011 жылы Қазақстан Республикасында өтетін 7-ші Қысқы Азия ойындарына арналған “proоf” сапасымен жасалған номи­налдық құны 100 теңге алтын моне­таны, “proоf” сапасымен жасалған номиналдық құндары 500 және 5000 теңге ескерткіш күміс монеталарды айналысқа шығарады. Номиналдары 100 және 5000 тең­­гелік ескерткіш мо­неталардың сипат­тамасы: Номиналдық құны 100 теңге алтын монетаның және номи­­нал­дық құны 5000 теңге күміс монетаның бет және сырт жағында бірдей ортақ суреттері бар. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде моне­­таның номиналын білдіретін жазу орналасқан (алтын моне­тада “100 ТЕҢГЕ”, күміс монетада – “5000 ТЕҢГЕ”) және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазу (алтын монетада – “Au 999 1,24 gr.”, күміс монетада – “Ag 925 1000 gr.”) орналастырылған. Төменгі бөлігінде – шаңғы ізінің стильдендірілген бейнесі және монетаның соғылған жылын білдіретін “2010” деген сан, жоғарғы бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Монетаның сол жақ бөлігінде Тянь-Шань шыршасы бейнеленген. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБ­ЛИКАСЫ”, ағыл­шын тілінде “REPUBLІC OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген. Монеталардың сырт жағында (ревер­сін­де) орталық бөлігінде стильдендірілген күңгірттелген мұз үстінде 2011 жылы өтетін 7-ші Азия ойындарының логотипі орналас­тырылған. Сурет қысқы спорт түрінің идеограммаларымен қоршалған. Айналдыра мемлекеттік тілде “7 ші ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ”, ағылшын тілінде “7 th ASІAN WІNTER GAMES” деген жазулар және шығыңқы жиек жүргізілген. Монеталардың бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монеталар: 1) 999/1000 сынамды алтыннан дайындалған, массасы 1,24 грамм, диаметрі – 13,92 мм, дайындалу сапасы – “proof”, таралымы – 8 мың дана. 2) 925/1000 сынамды күмістен дайын­далған, массасы – 1000 грамм, диаметрі – 100 мм, дайындалу сапасы – “proof”, таралымы – 225 дана. Номиналы 500 теңгелік ескерт­кіш күміс монетаның сипаттамасы: Монета он екі қырлы нысанда жасалған. Монетаның бет жағында (авер­сінде) оң жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін “500 ТЕҢГЕ” деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін “Ag 925 31,1 gr.” деген жазу және Қазақстан теңге сарайы­ның тауар белгісі орналас­тырылған. Сол жақ бөлі­гінде қар ұшқындарымен қоршалған “Көк тәңірі” петроглифінің стильден­­дірілген бейнесі салынған. Төменгі бөлігінде шаңғының ізі және монета соғылған жылды білдіретін “2010” деген сан бейнеленген. Монетаның периметрі бойымен күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБ­­ЛИКАСЫ” және ағылшын тілінде “REPUBLІС OF KAZAKHSTAN” деген жазулар ойып жазылған. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде 2011 жылы өтетін 7-ші Қыс­­­қы Азия ойындарының логотипі голографиялық орындаумен бейнеленген. Моне­­таның периметрі бойымен күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде “7 ші ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ”, ағылшын тілінде “7 th ASІAN WІNTER GAMES” деген жазулар ойып жазылған. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазулар бедерленген. Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазу жоқ. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, сипатталған шеңбердің диаметрі – 38,61 мм, дайындалу сапасы – “proоf”, таралымы – 13 мың дана. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсініктемесі Бұл монеталар 2011 жылы Қазақстан Республи­касында өтетін 7-ші Қысқы Азия ойындарына арналып дайындалды. Монеталардың негізгі таралымын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған “2011 жылы өтетін 7-ші Қысқы Азия ойындарына арналған коллек­циялық монеталарды сату туралы” шарт бойынша “2011 жылы өтетін 7-ші Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы” АҚ сатып алады. Дайындалған монеталардың бір бөлігін Ұлттық Банк резервтейді. “Рroof” сапалы ескерткіш монеталарды “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы” шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйек­тегі №1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырым­­дамасына сәйкес әзірленген. “Proof” сапасымен жасалған ескерткіш күміс мо­неталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады. Алматы қаласындағы мекен-жайы: Панфилов көш., 98. Анықтама телефоны (727) 273-83-98.