16 Қазан, 2010

Арнайы өкіл Мәжіліске келді

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төраға­сының орынбасары Жәнібек Кә­рібжанов БҰҰ Бас хатшы­сы­ның Арнайы өкілі – Ор­та­лық Азия мемлекеттеріне ар­налған Превентивтік диплома­тия орта­лығының басшысы Мирослав Енча мырзамен кездесті. Тараптар Орталық Азия ел­де­рі, оның ішінде Қырғыз­стан­дағы халықтың әлеуметтік жағ­дайын тұрақтандыру мен қауіп­сіздігі жолындағы ынтымақ­тастық жайында ой бөлісті. Мирослав Енча Қыр­ғыз­станда 10 қазанда өткен Пар­ламент сайлауы жайында айта келіп, Қырғызстан халқы елде тұрақтылық пен бейбіт жағдай орнаса деген тілек үстінде еке­нін байқағанын мәлімдеді. Жәнібек Кәрібжанов бауыр­лас ел өз тұрмыс жағдайларын жақ­сарту үшін, ең алдымен, рес­публиканың әлеуметтік-эконо­микалық мәселелерін шешулері қажет деп табатынын жеткізді, деп хабарлады Мәжілістің ба­с­пасөз қызметі.