21 Қазан, 2010

Форум аясындағы концерт

559 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
“Қазақстан” орталық кон­церт залында әлем тари­хында алғаш рет өткен Бү­кіл­әлемдік рухани мәдениет форумына орай салтанатты концерт өтті. Бүкіл әлемге ортақ мәде­ниет ретінде қалыптасқан симфониялық оркестрдің мәні тамырына үңіле білген кез келген адамзат баласы үшін құнды дүние екені даусыз. Қазақ халқының жет­кен жетістіктері, Еуразияның жүрегі атанған – Астана, ондағы зәулім әрі әсем са­лын­ған ғимараттар Астана форумының қонақтары үшін өте қызықты. Мұны форумға келген шетел азаматтарының әрбір ғимаратқа, қала болмы­сына таңдана қарауынан аңғаруға болады. Форум қатысушыларына Қазақ елінің арнаған кезекті концерті симфониялық ор­кестр арқылы көрініс тапты. Себебі, келген қонақтар өткен жексенбі күні ең ал­дымен “Дала әуендері” атты қазақ халқының ұлттық му­зы­каларынан құралған кон­церт­ті тамашалаған болатын. Сонымен қатар, қазақ кино­өнерінің майталмандары мен алыс-жақын шетел кино­жұлдыздарының қатысуымен “Номад” кинофорумын тама­шалаған еді. Бұл күнгі концерттің сим­фониялық оркестрмен шы­ғуы­ның өзінде үлкен мән жа­тыр. Симфониялық ор­кестр арқылы шетелдік қонақтарға қазақ мәдениетінің класси­калық үлгідегі музыкадан да тысқары емес екендігін дә­лел­деудің бірден-бір амалы десек те жаңылмаспыз. Кон­церттің ашылу салтанатында Бүкіл­әлем­дік рухани мәде­ниет фо­румын өткізу жөнін­дегі ұйым­дастыру комитетінің төрағасы, Пар­­ла­­мент Сена­ты­ның депу­таты, композитор Төлеген Мұ­хамеджанов: “Құр­метті өнер­сүйер қауым, өтіп жатқан рухани мәдениет форумының маңызы өте зор. Осы форум арқылы  әлемдік қоғамдас­тықты бейбітшілікке үндеудің, тың бастамалар мен тұжы­рым­дамаларды әлемдік қолда­нысқа енгізудің керемет сәті түсіп тұр. Сондықтан фо­рум­­ды өткізу Астананың әлем­­де алып отырған айрық­ша орнын дәлелдейді. Бұл алқалы жиын­ның елордада өтуі бекерден бекер емес. Елі­міз достықтың, төзімділіктің үлгісін көрсетіп отыр. Сон­дықтан осы форум­ды өткізуде Астана орталыққа айналды”, – деді. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан­ның белгілі солисі Нұржамал Үсенбаева, Астана қаласының бас дирижері Қанат Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, К.Байсейітова атын­дағы опера және балет театрының бас дирижері Абзал Мұхитдиновтің дири­жер­лігімен Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы мектеп-интернатының оқу­шы­ларының хоры тыңдалды. Бүкіләлемдік форум зама­науи өркениет кезіндегі руха­нияттың  және мәдениеттің басқа да қоғамдық құнды­лық­тармен бірге даму бары­сын бағамдайды және одан шығу көздерін қарастыруға ба­ғыт­талған. Президент Н.Ә.На­зарбаевтың, ел Үкіметі мен Парламентінің тара­пынан қолдау тап­қан форум биік мақсаттар­ға жете­лейтіні анық. Жұлдыз БАЙДІЛДА.