Жағымды жаңалық
Мәдениет пен өнерді қолдау “Нұр Отан” ХДП қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Тарихи ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, рухани-мәдени мұрамызды сақтап, дәріптеуге, жастарды мәдени-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге бағытталған бағдарламаларды іске асыру бойынша партия мақсатты жұмыстар жүргізіп отыр. Әр жыл сайын нұротандықтар ғылыми институттармен, облыстық және аудандық мұражайлармен бірлесе “Киелі мұрамызға тағзым” республикалық акциясын өткізеді. Акция шеңберінде барлық аймақтарда археологиялық экспедициялар, тарихи экспонаттар көрмелері, фотокөрмелер, дөңгелек үстелдер, тарихи және мәдени ескерткіштер аумағын тазалау мен абаттандыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.
Мәдениет, өнер және тарихи-мәдени мұраны сақтау салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу кезінде партия, мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғамның келісілген іс-әрекеттерін қамтамасыз ету мақсатында “Нұр Отан” партиясының жанынан “Мирас” мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері бойынша қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Қазақстанның көрнекті мәдениет пен өнер қайраткерлері кірді. Кеңесті Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов басқарды.
Кеңестің жұмысы мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға азаматтарды және қоғамдық ұйымдарды тартуға мүмкіндік береді. Өнер мен мәдениет қайраткерлерінің, қоғамдық бірлестіктердің бастамаларымен танысуға және олардың әлеуетін партияның мәдениет пен өнер салаларындағы қызметін тиімді көтеру үшін пайдалануға жағдай туғызады.
“Егемен-ақпарат”.