27 Қазан, 2010

Телефон арқылы сөйлесті

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федера­ция­сы Үкіметінің Төрағасы Вла­димир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабар­лады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында Ке­ден одағы шеңберіндегі келі­сім­дерді іс жүзінде жүзеге асыру, сол сияқты Кеден одағына мү­ше елдер үкіметтері басшы­ла­ры­ның қараша айындағы кез­десуінде қол қою жоспарланып отырған Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі құжат­тардың дайындалу мәселелері талқыланды.