ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 2010 жылдың 28 қазанында Эргнети/Дваниде өткізілген Кикілжіңдердің алдын алу және оған ықпал ету жөніндегі механизм (КАЫМ) аясындағы Грузия-Оңтүстік Осетия кездесуінің үлкен маңызға ие екенін атап көрсетті.
Аталған бағыттағы тұрақты кездесулер 2009 жылдың қазанында үзіліп қалған болатын. ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының созылмалы жанжалдар жөніндегі Арнайы өкілі Б.Нұрғалиев пен ЕО-ның Грузиядағы Мониторингтік миссиясының басшысы Х.Хабердің бірлескен төрағалығымен Женева халықаралық пікірталасының ХІІІ раундында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Грузия атқарушы құрылымдарының лауазымды адамдары, Оңтүстік Осетия басшылығы, сондай-ақ Ресей шекара әскерлері Әкімшілік бақылау желісінде (ӘБЖ) жағдайды ушықтыруға әсер ететін кикілжіңдердің алдын алу саласында өзара іс-қимылдарды талқылау басқосуын өткізді.
ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы КАЫМ аясында жер-жерлердегі тиісті құрылымдар арасындағы тікелей жұмыс байланыстарын жүргізу ӘБЖ маңына жақын жатқан аудандардағы жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізуге мүмкіндік беріп, бірте-бірте тұрғындардың тіршілігін қалпына келтіру үшін жағдай туғызатынын көлденең тартты. Практикалық проблемаларды шешудегі ынтымақтастық мәселені саясаттандырусыз және алдын ала шарт қоюсыз жүзеге асырылуы тиіс, деп атап көрсетті Қанат Саудабаев.
ЕҚЫҰ-дағылар Эргнети/Дванидегі КАЫМ аясындағы күн тәртібі бойынша үйлестірілген мәселелерді тақырыптық талқылауларды қамтамасыз етуде үдеріске барлық қатысушылардың тұрақты негіздегі белсенді рөліне арқа сүйейді. Механизмнің толыққанды қызметі Женева пікірталасы аясындағы саяси мәселелерді шешу үшін сенім деңгейін арттырып, мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.
Қазақстан дипломатиясының басшысы ЕҚЫҰ ұсынып отырған өңірдегі гуманитарлық жобалар бойынша жұмыстарды серпінді ету қажет деп есептейді. Ол тиісті тараптарды аталған мәселелерді қарастыруда жауапкершілікпен келуге шақырды. Мұның ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті қарсаңында маңызы ерекше жоғары, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.