02 Қараша, 2010

Шенеунік парамен ұсталды

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлері жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін рұқсат құжаттамаларын алуға Петропавл қаласы сәулет және құрылыс бөлімінің бастығына Г.деген азаматты 4 миллион мөлшерінде пара беруге арандатты деген күдікпен об­лыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас­ты­ғын қолға түсірді. Оған алаяқтық жасады және пара ал­ды деген айып тағылды. Қылмыстық оқиға осыдан екі жыл бұрын басталған. Айыпталушы қалалық мәслихаттың аппарат жетекшісі қызметін атқарып жүргенде “Каскад” ЖШС директорына қайырылып, көп қабатты үйдің үлес­керлер құрылысын реттеп беруді өтінеді. Үйдің рұқсат құ­жаттары болмағандықтан, қалалық сәулет және құрылыс бөлімі бастығына пара беру арқылы шешуге әрекеттенген. Оған құрылыс ұйымының басшысын итермелеген. Бүгінде күдікті сот үкімімен қамауға алынып, тергеу амал­дары жүргізілуде. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.