03 Қараша, 2010

Палата отырысының күн тәртібі анықталды

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мәжілістің салалық комитеттерінің ұсынуымен алдағы аптада өтетін жалпы отырыстың күн тәртібіне шығарылатын мәселелер қаралды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Бюро отырысында Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жобалары жөнінде мәлімет жасалды. Атап айтқанда, “Қазақстан Респуб­ли­ка­сының дипломатиялық қыз­ме­ті туралы” Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қыз­ме­тін жетілдіру мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізу туралы”, сондай-ақ “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қыл­мыстық заңнаманы одан әрі із­гілендіру және қылмыстық про­цестегі заңдылықтың кепілдікте­рін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы” заң жобаларына па­ла­таның жалпы отырысында қо­рытынды әзірлеу уақыттары анық­талатын болады. Әлеуметтік-мәдени даму ко­митетіне “Халықтың көші-қоны туралы” Заңның жобасымен жұ­мыс­ты жалғастыру міндеті жүк­тел­ді. Заңнама және сот-құқық­тық реформа комитеті “Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы” заң жо­ба­сына Парламент Сенаты ен­гіз­г­ен түзетулер жөнінде мәлімдеді. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті “2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономи­ка­лық даму жөніндегі Қазақстан-Америка бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы мемо­ран­думға Қосымша келісімді рати­фи­кациялау туралы” заң жоба­сын палатаның жалпы оты­ры­сы­ның қарауына ұсынып отыр.