05 Қараша, 2010

Әріптестікке әзірлік қуатталды

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Орталық сайлау комис­сия­сы­ның төрағасы Қуандық Тұр­ған­құлов Еуро­палық Парламент деле­га­ция­сымен кездесті. Бұл күнгі кездесу аясында 2012 жылғы Қазақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сының Президенті мен Пар­ламентін сайлау науқа­ны, ЕҚЫҰ-ның Іс басын­дағы төрағасы ретіндегі Қа­зақстанның атқарып отыр­ған қызметі, Қазақстанның ішкі саяси жағдайы, Еуро­па­лық Одақ пен еліміз ара­сын­дағы әріптестік байла­ныс мәсе­лелері сөз болды. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссия­сының төрағасы өз сөзінде Қазақстандағы сай­лау жүйе­сінің ерекшелігі жө­нінде жан-жақты баяндап берді. Ол, сонымен қатар, бір жылда үш бірдей сайлау өт­кі­зуге (біреуі мәс­лихаттар сай­лауы) ешқандай құ­қық­тық кедергілер жоқ екен­ді­гі­не тоқталды. Себебі, бұл сай­лау нау­қандарын өткізу мер­зімдері бір-біріне сәйкес келмейді. “Қазақ­стан­да мұн­­дай саяси үдерістер бұ­ған дейін де болған. Мәсе­лен, 1999 жылы елде Прези­дент және Пар­ла­мент сай­лау­лары қатар өткен бо­ла­тын. Сондық­тан, Конститу­ция­ға сәй­кес, 2012 жылдың екінші тоқ­са­нында біз Пар­ламент Мәжілісі мен мәс­ли­хат депу­таттарының сайлау­ын, ал желтоқсан айының ал­ғашқы жексенбісінде Пре­зидент сайлауын өткізуі­міз қажет”, – деді Қ.Тұр­ған­құлов. Орталық сайлау комис­сия­сы­ның төрағасы сондай-ақ, 2011 жылы ҚР Парла­менті Сенатына де­путат­тар­дың кезекті сайлауы өтеті­нін жеткізді. Оған барлығы 16 депутат сайланбақ. Кездесу кезінде Еуропа­лық Пар­­ламенттің социал-демо­кра­тия­лық делегация өкіл­дері Орталық сайлау ко­миссиясы төрағасына елі­міз­дегі саяси партиялардың жұ­мы­сы, олардың қалай қар­жылан­ды­ры­ла­тыны, сай­лау науқанына азамат­тар­дың қанша пайызға жуығы қа­тысатындығы, елдегі сая­си мәде­ниеттің қандай дең­гейде екендігі жөнінде өз­де­рін қызықтырған сауал­дарға жауап алды. Қ.Тұрған­құлов өз сөзінде елдегі саяси мә­де­ниеттің бұрынғы жылдар­мен салыстырғанда өскен­ді­гіне, мұны саяси электорат белсенділігінің артқан­дығынан да көруге бола­тындығына тоқталды. Кездесу барысында та­рап­тар Еу­ро­палық Парла­мент пен Қа­зақстанның Ор­талық сайлау комиссиясы арасында әріп­тестік байла­ныс әлі де нығая беретініне сенім білдірді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.