Жастықтың жұлынқұрты
Бүгінгі таңда еліміздегі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымын бақылау міндеті Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетіне жүктелген. Дегенмен, бұл мәселе белгілі бір деңгейде медицина, фармацевтік бизнес пен өнеркәсіп салаларын да қамтиды. Өйткені, бұл салалардың қалыпты қызметі мемлекеттің мүддесі болып табылады. Ал осы салалардағы бақылау жүйесінің кез келген олқылығы аталған заттардың заңсыз айналымға түсуіне жағдай тудырады. Осыған орай біз ІІМ ЕБҚКК есірткінің заңды айналымын бақылау басқармасы бастығының орынбасары Қ. МАСАНОВҚА жолығып, бірақатар сұрақтарымызға жауап алған едік.
– Қабиболла Таркенұлы, есірткі заттарын қолдануға болмайтындығын адамдар жақсы біледі. Бірақ есірткінің заңды айналымы дегенді кейбіреулер басқаша түсінетін секілді.
– Дұрыс айтасыз, көп адамдар осы тіркесті өз ұғымдарына сәйкестендіріп алатыны рас. Атының өзі айтып тұрғандай, бұл – заң жолымен қолдану деген сөз. Яғни, дәрілік есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар медицинада емдеу мақсаттарында, сот-химиялық сараптамада, ғылым және оқу, сондай-ақ өнеркәсіптік мақсаттарда қолданылады. Бұлардың бәрі тек “Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы” Қазақстан Республикасының 1988 жылғы 10 шілдедегі заңына сәйкес берілген мемлекеттік лицензиялар мен олардың қосымшалары негізінде ғана пайдаланылады. Осыны қатаң ескеру қажет.
– Ондай лицензияны қайдан, қалай алуға болады, кім береді?
– Заңның 5-бабы 3-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, аталған комитет денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымына байланысты қызмет түрлерін қоспағанда, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызмет түрлерін лицензиялауды өзі жүзеге асырады.
– Ал есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды (ЕПП) айналымын бақылау қалай жүргізіледі?
– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылаудың негізгі нысандары қадағаланатын қызмет түрлерін лицензиялау және квота тағайындау болып табылады. Еліміздің есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттік квотасын олардың жүзеге асырылатын айналымы шегінде қажеттілік есебінің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейді және бекітеді. Мемлекеттік квотаға сәйкес комитет республиканың ішкі рыногын қамтамасыз етуге және бөлінген квоталардың шеңберінде түрлі ведомстволық кәсіби қызметті жүзеге асыруға кепілдік беруге бағытталған ЕПП-ні бөлуді жүзеге асырады.
Сонымен қатар, заңға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енген есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бөлінуі тиіс. Олардың бәрі есепке алынады. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлеріне лицензиялардың иелері заңды тұлғалар әкелінген (шығарылған) мемлекеттерін көрсете отырып, әрбір өндірілген, дайындалған, әкелінген (шығарылған) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың саны туралы тоқсандық, заң тізімінің ІІІ кестесіне енгізілген өсірілген немесе өңделген өсімдіктердің саны, шығарылған, дайындалған, әкелінген (әкетілген), сатылған не пайдаланылған әрбір есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың саны, сондай-ақ есеп беру жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша есірткі құралдары мен психотроптық заттардың запас санын көрсете отырып, аяқталған күнтізбелік жыл ішіндегі қызмет туралы есеп береді. Бұған қоса жыл ішіндегі өсімдіктерді өсіру, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өндіру, дайындау, әкету (әкелу), сату не пайдалану туралы қорытынды деректер ұсынуға міндетті.
– Ішкі істер министрлігі “Допинг” жедел-профилактикалық іс-шарасын жиі өткізеді. Оның негізгі міндеті қандай?
– Бақылаудағы заттарды әкелу және әкету контрабандасына, сондай-ақ бақылаудағы заттардың заңсыз айналымға жылыстауына қарсы іс-қимыл мақсатында комитет және оның аумақтық бөліністері тоқсан сайын “Допинг” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Бұл операцияның негізгі міндеті емдеу-профилактикалық мекемелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы шеңберіндегі заң бұзушылықтарды, сондай-ақ контрабандалық жолмен әкелу және әкетуді анықтау және олардың жолын кесу болып табылады.
– Қазақстан Кеден одағына кірді, енді кеден бекеттері болмаған жағдайда ЕПП-нің айналымын бақылау қалай жүзеге асырылады?
– Беларусь, Қазақстан және Ресей Федерациясы Кеден одағының шеңберінде лицензияның негізінде кеден аумағына әкелуге, әкетуге және транзитіне рұқсат етілетін ЕПП-нің бірегей тізімін әзірлеген болатын. Осыған орай 2009 жылғы 9 маусымдағы тауарлардың сыртқы саудасы саласында лицензиялау ережесі туралы келісім арқылы үшінші елмен саудада Кеден одағына қатысушы мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салған немесе шектеген тауарлардың экспортына/импортына лицензия беру тәртібі белгіленген. Ал “Тауарлардың сыртқы саудасы саласында лицензиялау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы” мәлімет Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы № 207-ІV заңымен ратификацияланғандығы бәрімізге белгілі.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ.