18 Қараша, 2010

Самалдың салған “Бұлбұл” әні

3304 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Шалғайдағы Жаңақала ау­даны­­ның сексен жылдығы аталып өтіп жатқан кез еді. Осы датаға байла­нысты аудан көркем­өнер­паздары тамаша концерт қойды. Орындал­ған музыкалық нөмірлер, шырқал­ған әсем әндер мен тар­тылған күйлер, мың бұралған билер ел іші жас таланттарға кен­де емес екенін айқын танытып тұр­ды. Мәдениет үйіне жиналған қалың қауым олар­дың өнерлеріне сүйсініп дүркін-дүркін қол шапалақтап отырды. Бір кезде концертті жүргізуші: “композиторы Латиф Хамиди. “Бұлбұл”. Орындайтын Самал Жан­тілеуова” деп хабарлады. Сах­наға қырдың қызғалдағындай құл­пырған қыз шығып келе жатты. Апыр­май, ол “Бұлбұлды” аяғына де­йін жеткізіп айта алар ма екен? Оны орындауға қалай батылы жет­ті. Бұл сахнаға алғаш шығып жүр­ген өрімдей жас әнші түгіл, менмін деген кәсіби деңгейі толысқан сақа әншілердің дәті бара бермейтін қайталанбас ән туындысы емес пе? Ойдан ой туады. Әлі есімде. Со­нау сексенінші жылдардың бас кезі. Ол кезде КазМу-дың журна­листика факультетінде оқитын­мын. Оралда облыстық газетте тәжіри­бе­ден өтіп жүрген кезіміз. Бір күні өнер сапарымен облыс орталығына жоғарыда аталған “Бұлбұл” әнінің авторы Латиф Хамиди мен халық әр­тісі Бибігүл Төлегенова келді. Сол күнгі кез­десуде қазақтың тама­ша әншісі Бибігүл “Бұлбұлды” та­мыл­жыта орын­дады. Жиылған жұрт орын­дарынан тік тұрып қол соқты. Сонда Латекең толқи тұрып былай деп еді: мен, әрине, “Бұл­бұлды” Бибігүлге, оның дауысына арнап жаздым деп айта алмаймын. Бәрібір бұл ән Бибігүлге арнал­ғандай көрінеді. Өйткені, “Бұл­бұлды” тұңғыш орындаған, тұ­сауын кескен Бибігүл. Өзіне ғана тән мәнермен шырқау шегіне жеткізіп орындайтын да Бибігүл... Иә, Латиф Хамидидің “Бұл­бұлын” сахнаға шығаруға екінің бі­рі­нің тәуекелі жете бермейді. Бұл өте сирек кездесетін жоғары дауыс­пен шырқалатын ән. Оны вокал тілінде колоратуралық соп­рано деп атайтыны белгілі. Міне, осындай өре­сі биік әнді жас әнші Самал Жан­тілеуова құлат­пай, өз биігінен төмендетпей, сәнін кетір­мей, әрін бұзбай алып шықты. Әннің шыр­қау шегі – “Бұлбұл­дың” сайраға­нын са­ла­тын құс. Осы сыни сәтте де Са­мал­­дың құ­лын дауысы мен әсем әуезі көкке емін-еркін шарық­тап өрлей берді. Концерттен соң Самалмен тіл қатысудың да сәті түсті. Әнші болу бала кезінен бергі арманы екен. Төртінші сыныптан бастап респуб­лика көлемінде өткізіліп жүрген “Әнші балапан” конкурсына қаты­сып бірнеше рет жүлдегер атанып­ты. Мектепті бітірген соң Махам­бет Өтемісов атындағы Батыс Қазақ­­стан мемлекеттік универси­теті саз және би бөліміне түсіп оны өткен жылы ойдағыдай аяқтап шығыпты. Оған вокалдан Қазақ­стан­ның еңбек сіңір­ген әртісі Қанатқали Қожа­қовпен, есімі Ақжайық өңіріне белгілі өнер иесі Ақмарал Ахметова дәріс беріпті. Самалдың салған әнін тың­да­ған­нан кейін облыстық мәде­ниет бас­­қармасына қарасты жас­тар шы­­­ғар­­машылық орталығының ди­рек­­торы, халық әртісі, про­фессор Бекен Жылысбаев шәкірті, вокал­шы-маман Сырым Аман­ғалиевке бір өтініш айтуға тура кел­гені: Жа­ңа­қала аудандық мәдениет үйінде әдіскер болып істейтін әнші қыз бар екен. Біз музыкадан бір­деме түсінсек оның үлкен бола­шағы бар секілді. Дауысын тыңдап көріңісші, дедік. Сырекең сөзге келген жоқ. Об­лыс орталығына ша­қыртыңыз де­ді ол. Мұндағы музыка маман­да­ры­на Самал үш-төрт ән орындап берді. – Материал бар, – деді ол С.Жантілеуованың әнін тыңдаған­нан кейін. – Материал деген не? – Табиғи, шынайы, құлаққа жағымды дауысымен әсем әуезі бар дарынға қарата айтылатын вокал тіліндегі баға бұл, деп түсін­дірді. ­– Бұл, ең бастысы. Қалғаны Самал­дың өз қолында. Дұрыс бағыттай білсе түбінде одан жақсы әнші шы­ға­ды деп ойлаймын. Менің ойым­ша, әзірге оның ре­пер­туары жұтаң­дау секілді. Соны байыту мен кө­бейту жағына мән бергені жөн. Репертуарды түр­лен­­дірудің жөні осы екен деп кез кел­ген әнді тал­ғам­сыз түрде айта беруге болмайды. Өзінің дауысы­мен харак­теріне, та­биғатына сай келетін әндер­ді таң­дай білсе, Самалдың үлкен сах­наға шығуына толық мүмкіндігі бар. Шалғай ауданда тұратын жас әнші Самал Аманғалиқызы жө­нін­­дегі толғанысымызды кәсіби музы­ка маманының осы бір баға­сымен түйіндегенді жөн көреміз. Темір ҚҰСАЙЫН, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы. Суретті түсірген Рафхат Халелов.