Қазақстан • 19 Қаңтар, 2017

Қытай АҚШ-пен қатынастың жаңа моделіне көшеді

4162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Женевада БҰҰ-да сөйлеген сөзінде Қытай АҚШ-пен қатынастың «жаңа моделіне» өтетінін, ал Ресеймен «стратегиялық әріптестікті» құратынын айтты, деп жазады Reuters.

Қытай АҚШ-пен қатынастың жаңа моделіне көшеді

«Біз АҚШ-пен арадағы байланыстың жаңа моделін құрып, Ресеймен жан-жақты стратегиялық әріптестікті қолға аламыз. Бұл әріптестік Еуропадағы түрлі өркениеттер арасындағы бейбітшілік, даму мен реформа үшін жасалады», — деді Қытай басшысы.

Сонымен қатар ол Қытайдың БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай мен Оңтүстік Африка Республикасы) елдері арасында біріңғай кооперацияға ұмтылатынын айтты.

«Біз қашанда адам құқығын бәрінен жоғары қоямыз», — деді Си Цзиньпин.