26 Қараша, 2010

Кім көмектесер екен?

693 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Біз, Астана қаласының тұр­ғын­дары, ауыр науқасқа шалдыққан баламызды құтқару үшін жанашыр жандардан көмек сұраймыз. 2000 жылы дәрігер мамандар қызымыз Аймараға “апластика­лық анемия” деген диагноз қойды. Апластикалық анемия сүйек май­ындағы иммундық кемістіктен пай­да болып, нәтижесінде адам­ның ағзасындағы жаңа, сау қан клет­калары азаятын көрінеді. Он­ың қаншалықты қатерлі екені бар­шаға түсінікті шығар. Біздің елі­мізде бұл дертке гормонды тера­пиялық жолмен, сонымен қатар, қан құю арқылы ғана көмек көр­сетіледі. Мұндай ем-домның пай­дасы да аз. Кейінгі 3-4 жылдың ішінде Аймараға айына екі рет қан құйып сүйеп келдік. Иммунитеттің тө­мен­дігінен қызымыз он жыл бойы аурудың зардабын тартып келді. 2009 жылдың аяғында Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік квотамен Израиль мемлекетіне ем­делуге жолдама берді. 2010 жыл­дың ақпан айында Израиль клиникасында қызымыздың сүйек майын донордың сүйек майымен алмастырып, қызымыз енді ғана қалпына келе бастады. Аймара көз алдымызда күннен-күнге сауығып, өмірге қайта келгендей. Тек, мем­лекетіміздің бөлген қаражаты тау­сы­лып, қараша айында елімізге қай­туға тура келді. Аймараның операциядан кейін иммундық жүйесі толық қалпына келгенше емді тоқтатуға болмай­тын­дықтан, израильдік дәрігерлер ке­мінде 2 ай дәрі қабылдау ке­рек­тігін және міндетті түрде жел­тоқ­сан айында қайта тексеруден өтуін қатаң түрде ескертті. Өкінішке қарай, бізге қажет дәрі Қазақстан аумағында тіркелмеген, ал шет­елдік бағасы 2 айға – 5000 АҚШ доллары. Аймараның толық жазылып кетуіне мүмкіндік бар. Тек дәріге және қайта тексерістен өтіп келуге қаражаттың жетіспеушілігінен бауыр етіміз – баламызды құтқа­рып қалу үшін жаны таза, ниеттес адамдардан материалдық көмек сұраймыз. Барлығы 12000 АҚШ доллары қажет. Көмектессеңіздер екен! Аймара пәк көңілмен өмірді шексіз сүйеді және жазылып кететініне де сенімді. Біз де солай болады деген үміттеміз. Көмек қолын созатын адамдар үшін (шоттың нөмірі) Алушы: Алимбетова Жанар Шынгыстауовна Алушы банкі: “Қазақстан Ха­лық Банкі” АҚ-тың Астана өңір­лік филиалы. ИИК  KZ916010043000032243 БИК  HSBKKZKX СТН (банктің): 031400075489 СТН (алушының) 091210882535 Үй телефоны: 8 7172  38 87 56. Ұялы тел: 8 777 996 10 96.