30 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1162

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 5 қараша, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы №914 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы №914 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №30, 272-құжат) күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.