02 Желтоқсан, 2010

ТҮРКСОЙ жиыны Астанада өтеді

597 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түркі тілдес елдердің мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің кезекті мәжілісі Түркияның әлемге әйгілі туристік қаласы Антальяда өткізіліп, онда келесі мәжілісті Астана қа­ла­сында өткізуге шешім қабылданды. Ережеге сәйкес еліміздің Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед ТҮРКСОЙ-дың уақытша үйлестірушісі болып сай­ланды. Осы басқосуда ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас дирек­торы Дүйсен Қасейіновке Башқұртстанның жоғары мара­паты — «Халықтар достығы» ордені табыс етілді. Ол бұл марапатқа халықаралық ұйымды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Баш­құртстан Республи­касы­ның президенті Рүстем Хамитов­тың жарлығы бойынша ие болды. Оған мара­патты Башқұртстан премьер-ми­нистрінің орынбасары Зу­гура Рах­ма­тул­лина тап­­сырды. Тұрақты кеңесте Түркияның Мәдениет және туризм министрі Ертұғрұл Гүнай, ТҮРКСОЙ-дың бас директоры Дүйсен Қасейінов, Қырғыз Республикасының Мәде­ниет және ақпарат министрі Са­дық Шер-Нияз, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Мәде­ниет министрі Кемал Дюрист, Та­тарстанның Мәдениет ми­нистрі­нің орынбасары Ирада Аю­пова, Қазақстанның Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төр­ағасы Бауыржан Омаров және тағы бас­қалар өз ойларын ортаға салды. Бұл түркі мәдениеті мен өне­рін дамытуға арналған ТҮРКСОЙ ұйымының биік белеске көтеріл­генін танытқан басқосу болды. Асқар ТҰРҒАНБАЕВ, Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі. Анталья .