02 Желтоқсан, 2010

Саммит аясындағы кездесулер

392 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
ЕҚЫҰ Саммиті аясында Мем­лекет басшы­сы Нұрсұл­тан Назарбаев бірқатар екі­жақты кездесулер өткізді, деп хабар­лады Қазақстан Рес­пуб ликасы Пре­­зидентінің баспа­сөз қыз­­меті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Мед­ведевпен кездесті. Қазақстан мен Ресей көшбасшылары сауда-эко­номикалық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақ­тас­тығын одан әрі дамытудың перспективаларын, екі елдің аймақтық интеграциялық бірлестіктер ая­сындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында Президент Нұрсұлтан Назар­баев Саммиттің күн тәртібінің өзектілігін атап өтті, сондай-ақ Ресей Президентіне осы форумның жұмысына қатысқаны үшін алғыс айтты. Ресей Президенті Дмитрий Медведев Саммиттің Азияда, Қазақстанда өтуі Нұрсұлтан Назар­баевтың Тәуелсіз Қазақстанды құруға қосқан жеке үлесін, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізудің өзектілігін мойындау болып табылатынын атап өтті. Қазақстан Президенті Нұр­­­­сұлтан Назарбаев Түрік Рес­пуб­ликасының Пре­зи­ден­ті Аб­дул­ла Гүлмен кездесті. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақ­тас­тық­ты одан әрі дамыту перспек­тива­ларын, екі елдің халық­аралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қи­мылын, сондай-ақ халықа­ралық күн тәртібіндегі барынша өзекті мәселелерді талқылады. Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы Сильвио Берлусконимен кездесті. Кездесу барысында Қазақ­стан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық са­лалар­да­ғы ынтымақтастықты ке­ңейтудің мүмкіндіктері, сон­дай-ақ халықаралық күн тәр­тібіндегі барынша өзекті мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Хиллари Родхэм Клинтонмен кездесті. Кездесу барысында екі жақты сауда-экономи­калық және инвестициялық ынтымақтастықты да­мыту мәселесі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі барынша өзекті мәселелер тал­­қы­­ланды. Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаев Ауғанстан Ислам Респуб­ли­ка­сы­ның Прези­ден­ті Хамид Кар­зай­мен кездесті. Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық мәсе­лесі, сон­дай-ақ халықаралық және ай­мақтық қауіп­сіздік мәселелері тал­қы­ланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Гер­мания Федералдық Республикасының Фе­дералдық Канцлері Ангела Меркельмен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Гер­мания ынтымақтастығын кеңейтудің перспектива­лары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі ба­рынша өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстан Президенті Нұр­­­сұлтан Назарбаев Фран­­цуз Республикасының Пре­мьер-Министрі Фран­суа Фийонмен кездесті. Кездесу барысында сауда-эко­номикалық және мәдени-гу­ма­нитарлық ынтымақтас­тықты одан әрі дамыту перспек­ти­валары талқыланды. Франция Премьер-Министрі Саммиттің күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігін, ЕҚЫҰ-ға Қазақстан төрағалығының табысты бол­ға­нын атап өтіп, Қазақстан бас­шысын құттықтады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Тарье Халоненмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Финляндия арасындағы екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселесі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі барынша өзекті мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Грек Рес­пуб­ликасының Премьер-Министрі Георгиос Папан­дреумен кез­десті. Кездесу барысында екіжақ­ты сауда-экономикалық және мә­де­ни-гуманитарлық ын­ты­мақ­тас­тық­ты дамыту перс­пек­тивалары, сондай-ақ халық­аралық күн тәртібіндегі ба­рынша өзекті мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев Албания Президенті Бамир Топимен кездесті. Кездесу барысында екі­жақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту пер­спективалары, сондай-ақ Саммиттің күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Румыния Президенті Траян Басескумен кездесті. Мемлекет басшылары екіжақты ынты­мақ­тастықты дамыту мәселесін, сондай-ақ ха­лықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді тал­қылады. Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев Литва Республикасының Прези­денті Даля Грибау­скай­темен кездесті. Тараптар екіжақты ын­тымақтастықты дамыту мә­селесін, оны келешекте белсенді жүргізу перспек­ти­ва­ларын, сондай-ақ халық­аралық күн тәртібіндегі ба­рынша өзекті мәселелерді талқылады. Қазақстан Президенті Нұр­­­­сұлтан Назарбаев Болгарияның Пре­зи­ден­ті Георгий Пыр­ва­новпен кездесті. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақ­тас­тық­ты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін, сондай-ақ халықа­ралық күн тәр­тібіндегі барынша өзекті мәселелерді тал­­қылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының Президенті Борис Тадичпен кездесті. Екі елдің көшбасшылары сауда-эко­но­микалық салалардағы Қазақстан-Сербия ынты­мақ­тастығын дамытудың перспективаларын тал­қылады. Кездесу барысында Президент Борис Тадич Саммиттің күн тәртібінің өзектілігін атап өтіп, оның табысты өтетініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ни­дер­ланды Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін, оны келешекте белсенді жүргізу жайын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі барынша өзекті мәселелерді талқылады. Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев Беларусь Рес­публикасының Прези­денті Александр Лукашен­ко­мен кез­десті. Мемлекет басшылары екіжақ­ты ынтымақтастықты да­мыту мәселесін, аймақтық ин­теграциялық бірлестіктер ая­сын­да Қазақстан мен Беларусьтің өзара іс-қимылын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. *  *  * Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев Украина Пре­­зиденті Виктор Яну­ко­вичпен кездесті. Н.Назарбаев пен В.Януко­вич екіжақты сауда-эконо­микалық және мәдени-гума­нитарлық ын­тымақтастықты да­мыту перс­пек­тиваларын, сон­дай-ақ халық­аралық күн тәртібіндегі ба­рын­ша өзекті мәселелерді тал­­­­қы­­лады. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.